2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне арналған «Менің кітабым» атты ертеңгілік ұйымдастырылды

Хромтау аудандық балалар кітапханасы 2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне арналған «Менің кітабым» атты ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға мектептен тыс білім беру орталығының «Сурет» үйірмесінің балалары қатысты. Шараның мақсаты: балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында балалар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып, кітап туралы өлеңдер оқыды және өз қолдарынан кітап жасады. Кітапханашы «Кітап- даналардың данасы» атты кітаптар көрмесіне шолу жасап, балаларға арналған журналдармен таныстырды. https://www.instagram.com/reel/C5QClLvMJlt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Құрметті оқырмандар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!   https://www.instagram.com/reel/C4z-ls5M3Cu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

“Ұлттық ойын-халық мұрасы” атты мерекелік іс-шара

20 наурыз-Ұлттық спорт күніне орай Хромтау аудандық балалар кітапханасы №5 мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен “Ұлттық ойын-халық мұрасы” атты мерекелік іс-шара өткізді. Оқушылар ұлттық ойындар тарихымен және Наурыз дәстүрімен танысты. “Көтермек”,” Күш сынасу”, “Арқан тартыс” ойындары ұйымдастырылды. Шара барысында мектептің әдіскер-ұйымдастырушысы Муланова Назым Сәбитқызы қыздар арасында ойналатын”Бес асықтың” ережесі мен шарттарын айтып, қызықты ойын ойнатылды. https://www.instagram.com/reel/C4u3NpksGIX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев