“Ұлттық киім-ұлт ажары” байқауы

Ұлыстың ұлы күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен “Ұлттық киім-ұлт ажары” атты балабақша тәрбиешілері арасында ұлттық киімдер байқауы өтті. Байқауға 7 бөбекжай-балабақшасы қатысты. 🌱Халқымыздың ұлттық киімін насихаттау мақсатында өткізілген бұл байқауда қатысушылар өздерін таныстыру, салт-дәстүр туралы сұрақтарға жауап беру және ұлттық киімнің үлгілерін , өз өнерлерін көрсету сынды бірқатар шарттарды орындады. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орын , сый -сыяпаттармен марапатталды. https://www.instagram.com/reel/C4v6G-9MHFO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Ұлыс оң болсын!» тақырыбында дәстүрлі — инсталляциялық кітап көрмесі

⚜️22 Наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай аудандық кітапханада «Ұлыс оң болсын!» тақырыбында дәстүрлі - инсталляциялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. 📚Көрменің бөлімдері: ⚜️”Салт - дәстүріміз ұрпаққа өнеге” ⚜️”Ұрпаққа мирас - ұлттық киімдер” ⚜️”Зергерлік өнер әлемі” ⚜️”Ұлттық тәрбие дәстүрде” https://www.instagram.com/reel/C4nJDr0szsh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. “Шашбау тағу” дәстүрі.

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Хромтау аудандық орталық кітапханасы қыз баланың тәрбиесіне қатысты “Шашбау тағу” дәстүрінен көрініс ұсынады. https://www.instagram.com/reel/C4kAwUEtmR3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев