«Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты оқырмандар конференциясы

Кітапханада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесіне және қаламгердің 90 жылдық мерейтойына арналған «Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты – Сайын Мұратбековтің шығармашылық мұрасын насихаттау, оқырмандардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Шараға № 3 Хромтау орта мектебінің оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығына, «Жусан иісі» повесінің жазылу тарихына қысқаша тоқталып, кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Конференция барысында қатысушылар шығарманың басты кейіпкері Аянның тағдыры, соғыс жылдарындағы балалардың ауыр өмірі мен балалық шақтың қасіреті туралы ой бөлісті. Сонымен қатар шығарма арқылы бейбітшіліктің қадірі, адамгершілік пен үміттің маңызы кеңінен талқыланды. Шара соңында қатысушылар жазушының шығармаларының тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын білдірді.

Продолжить чтение«Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты оқырмандар конференциясы

Гүлдеу» кітабының тұсаукесері өтті! 

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында аудандық кітапханада жас ақын Сағыныш Оразайқызының «Гүлдеу» атты жаңа кітабының тұсаукесер кеші өтті. Авторға шығармашылық шабыт, толағай табыс және оқырман жүрегінен орын алар жаңа туындылар тілейміз! Толығырақ  

Продолжить чтениеГүлдеу» кітабының тұсаукесері өтті! 

«ТАҒДЫР – ҰЛТ ТАРИХЫНЫҢ КӨРКЕМ ШЕЖІРЕСІ»

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша «Тағдыр – ұлт тарихының көркем шежіресі» атты оқырмандар конференциясы өтті. 🎯 Іс-шараның мақсаты – Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылық мұрасын насихаттау, «Тағдыр» романы арқылы қазақ халқының тарихи тағдырын, ұлттық болмысын және елдік құндылықтарын таныту. Конференцияға Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер роман мазмұнын талдап, шығармада бейнеленген қазақ халқының басынан өткерген тарихи кезеңдері мен тағдырлы оқиғалар туралы өз ойларын ортаға салды. 📖 Іс-шара барысында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, жазушының шығармашылық жолы мен әдеби мұрасы таныстырылды. Сонымен қатар, «Демежан Келгенбайұлы – жаңа тұрпатты ұлттық қайраткер» тақырыбында баяндама жасалды. Баяндамада романның басты кейіпкері Демежанның ел үшін атқарған ерен еңбегі, биік рухы, парасаттылығы мен отаншылдық қасиеттері кеңінен сөз болды. ✨ «Тағдыр» – жеке адамның ғана емес, тұтас бір халықтың тарихи тағдырын, елдік рухын бейнелейтін тағылымды шығарма.

Продолжить чтение«ТАҒДЫР – ҰЛТ ТАРИХЫНЫҢ КӨРКЕМ ШЕЖІРЕСІ»