Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны насихатталды.

Мектептен тыс білім беру орталығында Отбасы күніне арналған ата-аналар жиналысы барысында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа қатысқан ата-аналарға марафонның мақсаты мен міндеттері, қатысу бағыттары, тіркелу тәртібі және марафонға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Ата-аналар кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудың, балаларды кітап оқуға баулудың маңыздылығымен танысып, марафонға қатысуға шақырылды.

Продолжить чтениеКітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны насихатталды.

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық кітап оқу марафоны

«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны аясында Хромтау аудандық кітапханасы Хромтау аудандық ардагерлер кеңесі және Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі ұжымдарымен бірлесіп, түсіндіру және тіркеу жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында аталған ұйымдардың қызметкерлеріне марафонның мақсаты мен міндеттері, қатысу тәртібі, тіркелу жолдары және негізгі талаптары түсіндірілді. 📖 Қатысушыларға марафонға кітапханаға келіп немесе онлайн форматта тіркелу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берілді. 📚 Кітап оқу — білімді арттырып қана қоймай, ой-өрісті кеңейтіп, рухани дамуға жол ашады. 🌟 Кітап оқитын ұлт — білімді ұлт! Кітап оқуға бірге қадам басайық!

Продолжить чтение«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық кітап оқу марафоны

«Семей полигоны-ұлт қасіреті» атты тарихи-танымдық сағат

9 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай «Семей полигоны-ұлт қасіреті» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді.Іс-шара барысында Семей ядролық полигонының тарихы, оның халыққа тигізген зардаптары және ядролық қарудан азат болудың маңызы туралы танымдық ақпараттар берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға тақырыпқа байланысты кітаптар таныстырылып, тарихи деректер, ядролық сынақтар тарихындағы рөлі және өңірге тигізген зардаптары туралы негізгі мәліметтер ұсынылды.

Продолжить чтение«Семей полигоны-ұлт қасіреті» атты тарихи-танымдық сағат