«Сүйікті кітабыңа дауыс бер!» сауалнамасы

Бүгін елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауына орай №475 сайлау учаскесінде Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен тұрғындар арасында «Сүйікті кітабыңа дауыс бер!» сауалнамасы өткізілді. Шараның мақсаты – тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сүйікті кітаптарын насихаттау және оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайту. Сауалнама барысында тұрғындар өздеріне ерекше әсер қалдырған, сүйіп оқитын кітаптарына дауыс беріп, кітап туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар арасында кітап, әдебиет, тарих және жалпы білімге байланысты қызықты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, белсенділік танытқан тұрғындарға естелік сыйлықтар табысталды. Шара барысында кітапхана оқырмандары көркем шығармалардан өлеңдер оқып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 📚 Кітап – рухани қазына, білімнің қайнар көзі. Осындай мазмұнды шаралар арқылы тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеу – кітапхананың басты міндеттерінің бірі.

Продолжить чтение«Сүйікті кітабыңа дауыс бер!» сауалнамасы

«Сүйікті кітабыңа дауыс бер!» сауалнамасының қорытындысы

Сауалнама барысында тұрғындар өздерінің сүйікті кітаптарын атап, әдеби талғамдарымен бөлісті. Оқырмандардың таңдауы әртүрлі болғанымен, көпшілік дауыс жинаған шығармалар қатарында: 🥇 Мұхтар Әуезов – «Абай жолы» 🥈 Ілияс Есенберлин – «Көшпенділер» 🥉 Бердібек Соқпақбаев – «Менің атым Қожа» Бұл шығармалардың тұрғындар арасында кеңінен оқылуы – қазақ әдебиетінің құнды туындыларына деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті. «Абай жолы» – халқымыздың тарихы мен тұрмыс-тіршілігін, ұлы Абайдың өмірі мен тұлғасын танытатын көркем мұра болса, «Көшпенділер» – ел тарихын кеңінен суреттейтін тарихи роман-трилогия. Ал «Менің атым Қожа» – балалық шақтың қызықты сәттерін, бала мінезі мен тәрбиесін шынайы бейнелейтін сүйікті шығарма. 📖 Әр таңдалған кітап – оқырманның жүрегінде өзіндік орны бар рухани қазына. Сауалнама нәтижесі кітап оқудың адам өміріндегі маңызын тағы бір мәрте айқындады. Сіз қай кітапқа дауыс берер едіңіз?

Продолжить чтение«Сүйікті кітабыңа дауыс бер!» сауалнамасының қорытындысы

BOOK BATTLE — БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІ! 🔥

Халықаралық жастар күніне орай Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен жастар арасында BOOK BATTLE интеллектуалдық ойыны өтті. 📖✨ Тартысты додаға №5 Хромтау гимназиясы мен №1 Хромтау орта мектебінің жас мамандары қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. 🧠🔥 Қатысушылар арасында білім мен жылдамдық сынға түсіп, тартысты жарыс жоғары деңгейде өтті! 💪 🏆 Жарыс қорытындысы бойынша №1 Хромтау орта мектебі жеңіске жетті! Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар, ал белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. 🎁📜 Барша қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Білім додасында бақтарыңыз жана берсін! ✨📚

Продолжить чтениеBOOK BATTLE — БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІ! 🔥