АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Абай ауылында ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Абай даналығы – халық мұрасы» атты ашық аспан астындағы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Абай ескерткіші алдында салтанатты шара өтті. Тағылымды жиында аудан әкімінің орынбасары Қасымхан Мұстапа сөз сөйлеп, Абай мұрасының ұлттық руханияттағы орнына, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Шара барысында жастар ұлы ойшылдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқып, оның терең тағылымға толы шығармаларын көпшілік назарына ұсынды. Мәдениет үйінің өнерпаздары Абай әндерін орындап, жиынның рухани мазмұнын арттыра түсті. Ашық аспан астындағы кітап көрмесіне Абайдың шығармалары, ақынның өмірі мен мұрасына арналған әдебиеттер қойылып, тұрғындарға таныстырылды. Абайдың адамгершілік, білім, еңбек, бірлік пен елдік туралы ойлары – уақыт өткен сайын құндылығы арта түсетін халық мұрасы. Ұлы ойшылдың тағылымын дәріптеу – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытудың маңызды бағыты.

Продолжить чтениеАБАЙ ДАНАЛЫҒЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

«Кітапхана қызметін жаңғырту: тәжірибе мен инновация» тренинг

2026 жылғы 23 шілдеде Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Бөгетсай ауылдық модельді кітапханасында кітапхана қызметкерлеріне арналған аудандық семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты – кітапхана ісіндегі заманауи тәжірибелермен таныстыру, кәсіби тәжірибе алмасу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін кітапхана жұмысында тиімді қолдануды насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар кітапхана жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. Семинарда: 🔹 Айзада Төлегенқызы Утешова – «Жасанды интеллект мүмкіндіктері»; 🔹 Баян Тойбазарқызы Абиева – «Жобалық қызмет – ізденіс пен жетістік»; 🔹 Ақмарал Нұрмұханбетқызы Карина – «Тассай ауылдық кітапханасы: тәжірибе мен жаңашылдық» тақырыптарында баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Абай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алия Мұратбекқызы Сағымбаева сергіту сәтін ұйымдастырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Семинар аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына арналған ақпараттық-танымдық бөлім өткізіліп, Ата Заңның қоғамдағы орны, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы тура

Продолжить чтение«Кітапхана қызметін жаңғырту: тәжірибе мен инновация» тренинг

Домбыра –қазақтың қасиетті үні

7 шілде күні Кеншілер аллеясында елімізде жыл сайын аталып өтетін ұлттық өнер, ұлттық рух мерекесі – Ұлттық Домбыра күніне орай «Домбыра –қазақтың қасиетті үні» атты мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты- жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, атадан балаға мирас болған домбыра өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Бағдарлама аясында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қуатова Н.Т кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп ,музыка әлемінде жыр төгілтіп, күй шерткен белгілі жыршы-күйшілердің өмірбаяны, домбыраның құрылымы туралы баяндап берді. Өнерлі жастар күй тартып,ән шырқады. Сонымен қатар, балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары Беркимбаев Амир мен Утемисова Лунара «Ер Тұран», “Адай” күйлерін орындап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін паш етті.

Продолжить чтениеДомбыра –қазақтың қасиетті үні