Хромтау аудандық кітапханасының қызметкерлері Тассай ауылдық кітапханасына жұмыс барысын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында іссапармен барды.
Іссапар барысында кітапхана жұмысының ұйымдастырылуы, кітап қорының сақталуы, құжаттамалардың жүргізілуі, оқырмандарға қызмет көрсету сапасы және мәдени-көпшілік іс-шаралардың өткізілу барысы тексерілді.
Сонымен қатар, кітапхана қызметін жетілдіру, жұмыстың тиімділігін арттыру және жаңа бағыттарды дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.
📖 Басты мақсат – ауыл кітапханаларының жұмыс сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және оқырманға сапалы қызмет көрсету.