“Алғыс айту-ынтымақтың мерекесі” атты іс -шара

1 наурыз - алғыс айту күніне орай аудандық орталық кітапханада “Алғыс айту-ынтымақтың мерекесі” атты іс -шара болып өтті. Келген оқырмандар өз алғыстарын білдіріп, мерекелік көрмені тамашалап, дастарханнан дәм татты. https://www.instagram.com/reel/C3-OiGSNEP-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Парасат биігіндегі қаламгерлер» атты әдеби кеш

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Сара Мыңжасарованың шығармашылығын оқырманға насихаттау мақсатында «Парасат биігіндегі қаламгерлер» атты әдеби кеші болып өтті. 📚Кешке №1 Хромтау орта мектебінің оқушылары мен аталмыш мектептің кітапхана қызметкері қатысты. Кеш барысында қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Баян Тойбазарқызы ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Сара Мыңжасарованың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталды. Ал, кітапханашы Бейбіткүн Каметияқызы кітап көрмесіне шолу жасап , оқырмандарды кітап оқуға шақырды. 📚Ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңдері оқылып, танымал әндері тыңдалды. Кешті аудандық орталық кітапхананың әдіскері Жанар Мұратқалиқызы ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған «Ана» әнімен қортындылады. Толығырақ - https://www.instagram.com/reel/C39MSs1ofzJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Кітаппен дос болайық» тақырыбында жылжымалы кітаптар көрмесі

Аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары «Кітаппен дос болайық» тақырыбында жылжымалы кітаптар көрмесімен, кітапханамызға келіп түскен дыбыстық кітап, түрлі пішіндегі кітаптар, ашылмалы панорама кітаптарды алып , № 9 «Жұлдызай» бөбекжай- балабақшасына барды. Бізді ерекше ілтипатпен әдіскер Батима Сабитқызы қарсы алды. Ересек тобының бүлдіршіндеріне кітаптарымызды кең көлемде таныстырып, кітаптарды қалай ұстау керектігі, ұқыпты пайдалану жайлы түсіндірдік. Бүлдіршіндер бізбен қимай қоштасты. Кішкентай бүлдіршіндерге ата-аналарымен бірге кітапханаға келіп, кітап оқуға шақырдық. https://www.instagram.com/reel/C3uyJWFsRIj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев