«КРЕАТИВТІ КІТАПХАНАШЫ – 2026»

2026 жылғы 29 қыркүйек күні Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен ауылдық кітапханашылар арасында «Креативті кітапханашы – 2026» аудандық байқауы өтті.

Байқауға ауданның 8 ауылдық кітапханашысы қатысып, 4 кезең бойынша кәсіби білімі мен шығармашылық қабілеттерін, тапқырлығы мен заманауи әдістерді қолдану шеберлігін көрсетті.

Байқау қорытындысы:

Бас жүлде – Тассай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Карина А.

І орын – Көктау ауылдық кітапханасының кітапханашысы Турганбаева Э.

ІІ орын – Абай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сағымбаева А.

ІІІ орын – Ақжар ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Омарова У.

Қалған қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.

Байқау кітапханашыларға тәжірибе алмасып, жаңа идеяларымен бөлісуге және шығармашылық мүмкіндіктерін танытуға тамаша мүмкіндік болды.

Барша қатысушыларды құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Автор публикации

не в сети 11 часов

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 745Регистрация: 20-10-2021