«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» онлайн оқулары

Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында ауылдық кітапханалар арасында 11 – 31 шілде аралығында кітапхананың инстаграм парақшасында  «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» онлайн оқулары өтеді.
✅Мақсаты: Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы арқылы оқырмандарға парасаттылық, әділдік, ізгілік, адалдық қасиеттерін насихаттау.
✅ Шарттары: Бейнебаян 3 минуттан аспауы керек. Орындаушының көркемдік шеберлігі, қазақ тілінде таза сөйлеуі, мазмұнға баса мән беруі, бейнебаянның тақырыпқа сай болуы тиіс.

Толығырақ кітапхананың инстаграм парақшасынан көре аласыздар https://www.instagram.com/khromtau_kitapkhana/  

 

Автор публикации

не в сети 7 часов

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 495Регистрация: 20-10-2021