Аудандық кітапхананың оқу залында
ақпанның 26-да, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орайластыра
екі тілде өткен «Қазақстан-бірліктің берекелі бесігі», «Казахстан-колыбель
единства народов» тақырыбында өткен әдеби-сазды кешке аудан әкімінің орынбасары
Н. Д. Аспенов, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева ,аудандық қазақ тілін оқыту орталығының меңгерушісі
Ж.Е. Есмалаева, мектеп оқушылары, Тау –кен техникалық колледжінің студенттері,
мектеп , колледж кітапханашылары қатысты.Мерекелік шара музыка мектебінің
оқушыларының орындауында күмбірлеген күймен басталып, МТББО «Грация» бишілер
тобының және №3 мектеп оқушылары дайындаған әр ұлт өкілдерінің биімен ,
аудандық мәдениет үйінің қызметкері Есіркепов
Ұ. орындауында әсем әнмен жалғасты.
№1мектеп мұғалімі А.А. Рузавиннің ұйымдастыруымен әр ұлт өкілдерінен келген
оқушылар өз тілдерінде неміс, молдаван,
украин,татар, удмурд, белорусь, қазақ тілінде
дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың, ақиық ақын М.Мақатаевтың «Туған жер»
өлеңдерін оқыды. Шара соңында аудандық кітапхана директоры А.Ж. Таимова белсене
қатысқан оқушыларды алғыс хаттарымен
марапаттады. Кеш «Мой Казахстан!» әнімен аяқталды.