Жаз айында кітапханаға оқырмандарды көптеп тартып,
бүлдіршіндерді кітап патшалығымен таныстырып, оқуға қызығушылығын тарту мақсатында кітапхана тек мектеп оқушыларымен ғана емес, сонымен қатар балабақшалармен де әрдайым тығыз байланыста жұмыс атқарады. Оның бір айғағы балабақша бүлдіршіндеріне арнап өткізілетін «Балабақша- кітапханаға» атты экскурсия. 12 шілде күні кітапханаға саяхаттап келген № 5 «Ақбота» балабақшасының бүлдіршіндерін балалар бөлімінің кітапханашысы Тамара Сагирқызы кітапхананың бөлімдерімен таныстырып, кітапханада өзін ұстау тәртібінің ережелері туралы, кітаптарға мұқият қарау жөнінде әңгімелеп берді. Кітап әлемінің шынайы кітапшасымен, сыртқы түрлері бойынша ғана емес, көлемі бойынша айырмашылықтары бар – бүктемелі кітапшалар, дыбысты сөйлейтін кітапшалар, әуенді кітапшалар, керме-ашылмалы панорама кітапшалар, ойыншық кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және тағы басқаларымен таныстырылып, балаларға өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді. Қызықты бағдарламаның арқасында мектепалды балалары жақсы көңіл-күй мен оң сезімдерге ие болды. Қоштасарда кітапқа арналған бетбелгілер берілді, ата-аналарымен кітапханаға келіп, оқу үшін өздеріне ұнаған кітапты үйлеріне алуға болатындары жөнінде ұсыныс айтылды.
|