Балалар кітабы апталығы

 

Аудандық кітапхананың балалар
әдебиеті бөлімінде 28 наурыз және 2 сәуір күндері аралығында оқушылардың
көктемгі демалыстарын тиімді өткізу мақсатында балалар кітабы апталығы
ұйымдастырылды. Апталық бойы кітапханада өткізілген іс-шаралар мектеп жасына
дейінгі балалардан бастап 14 жастағы балаларды қамтыды. Кітап мерекесі
күндері балалардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін
арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді.Басты мақсаты — кітап заманымыздың
өмірі, рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып , үлгі — өнеге
беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына — кітап әлеміне шолу жасау.
Балалармен апта бойына «Көңілді поезд», «Өнеріңді көрсет», «Адасқан әріптер»,
«Кім білгір» атты ойындар ойналды. Онда балалар әр түрлі тақырыпта жұмбақтар
шешіп, жаңылтпаштар айтып жарысты, мақал – мәтелдердің соңын жалғастырып,
көңілді мультфильмдер көрсетіліп, ертегілер оқылды. Қызықты математикалық
және логикалық есептер шешу арқылы балалардың шапшаңдығы мен ойлау
қабілеттерінің жетіктігі тексерілді. Балаларға кітапхана ережесі жазылған
жадынама парақшалары таратылды. Екінші сәуір кітап апталығының жабылу
салтанаты күнінде, апта бойы өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан
оқушылар мен мұғалімдерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 28 марта по  2 апреля в отделе детской литературы
районной библиотеки 
с целью эффективного
использования свободного времени школьников
 
во время весенних каникул  была
проведена
   Неделя детской книги.  Цель -популяризации детской книги и чтения,
стимулирования интереса к чтению; возвращение престижа книги и чтения,
привлечение новых читателей. 
2 апреля в Международный день
детской книги прошло закрытие Недели книги. Ребята приняли участие в
интеллектуальной  викторине,  разгадывали загадки и пословицы,
соревновались в решении логических задач. 
В  завершение  праздника были розданы памятки о правилах
библиотеки, как беречь книгу.Всем участникам школьникам  и их организаторам были вручены
благодарственные письма и ценные подарки.

 

 

 

   

Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий

Балалар кітабы апталығы

 29- наурыз күні Апталықтың ашылу салтанатына
сынып жетекшілерімен бірге №1,3,5 мектептің 
1-5 сынып оқушылары қатысты. Дәстүрге сай «Кітап-ғажап әлем» атты кітап
көрмесімен таныстырылды. Көрмеге балалар кітабының атасы Қадір Мырза-Әлінің
томдық кітаптары мен Т. Молдағалиев, Ы.Алтынсарин, С. Мұратбеков, Б.Соқпақбаев
сынды  жазушылардың  кітаптары сондай-ақ әлем балалар әдебиетінің
үлгісінен   шетел жазушыларының қазақ тіліне аударылған шығармалары
да көрініс тапты. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенділік
танытып отырды.
Балалар жазушысын біразы
білсе, көбі білмей жатты. Сол себепті балаларды өз өлкесі мен туған жерінің
тарихын, ақын-жазушыларын білу, таныту мақсатында  көптеген   
қаламгерлермен олардың туындылары 
жайлы мағлұмат берілді.  

   
 30- наурыз күні Кітап
апталығы бағдарламасына сәйкес «Ертегілер еліне саяхат» ертеңгілігі өткізілді. Балалардың
ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, оқырмандарды жаңа кітаптармен
таныстыру мақсатымен «Бір, екі, үш! Ертегі әлеміне түс!» атты жұмбақ-ойын
ұйымдастырылды. Балалар «Сөзді аяқта», «Ертегі кейіпкерлерді тап» т.б.
ойындарын көңілді ойнап, жаңа кітаптардан оқыған ертегілерді қызыға тыңдады.
Балалардың қатысуымен «Бауырсақ», «Аңқау қасқыр» қойылымдары көрсетілді. Іс-шара
барысында «Шалқан», «Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ», «Дос іздеген бота»
және «Жетілақ» ертегілері дауыстап оқылды. 
Іс-шара соңында барлық қатысушы балаларға «Кітапты пайдалану ережелері»
атты жадынама таратылды.

   
 3- сәуір күні «Кітап- алтын қазына» сұрақ-жауап ойыны
өткізілді. Балалардың  көктемгі демалысы тек қана қызықты болмасын
деп, оның пайдалы болғанына, жұмыстың әр түрлі ойын үлгілерін пайдаландық. 
Балаларға өте қызықты болған «Кітап кейіпкерін тауып ал» — әдеби саяхат. «Жақсы
кітаппен дос бол» кроссворды, білгіштің жұмбақтары, аңыз әңгімелерді сахналау,
— бұның бәрі іс-шара бағдарламасына кірді. Балалар көңілді ойындарға,
сайыстарға белсенді болып қатысты. 
   
 5-сәуір күні құстар
күніне арналған «Құстар – табиғат байлығы» атты танымдық сағаты өткізілді.
Дәстүрге арналған бұл мерекенің мақсаты құстардың табиғаттағы және адам
өміріндегі рөлін оқушылардың сана-сезіміне жеткізу, табиғатты қорғауға баулу.
Мерекеге №3,5 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Балалар бір-бірімен
танысып, түрлі ойындар ойнап, сурет салып, слайд тамашалап, құстар туралы
ертегілерден көріністер қойып, жұмбақтар шешті. 

   
 6-сәуір күні Балалар кітабы апталығының жабылу салтанатына орай
«Әрқашан оқырман боламыз» атты мерекелік 
кеш өткізілді.
 Іс-шараға № 3 мектептің   3 «ә» ,4 «а», 4«ә» сынып  оқушылары мен мектеп кітапханашысы Талтанова
А.А., №5 мектеп-гимназияның  2 сынып
оқушылары  мен класс жетекшісі Закирова
А.Б., сонымен қоса 3-5  сынып оқушылары
қатысты .
Балаларға әр түрлі әдеби
жанрлар  негізінде  қызықты танымдық
бағдарлама әзірленді. Балалар өздерінің әдеби шығармалары мен кейіпкерлерді
саралау қабілеттерін және астарлы сөздерді,  кітап кейіпкерлер әрекеттерін
түсінулерін  көрсете алды. Кеште
білімді, белсенді оқушылар  және ұстаздар
мен кітапханашылар  алғыс хаттармен марапатталып,
сыйлықтар берілді.

   
Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы
Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы Балалар кітабы апталығы

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий