\»Байғанин оқулары — 2020\»

           Аудандық балалар кітапханасында қазан айының 1-15 күндері аралығында Қазақстанның халық ақыны, айтыскер, эпик, жыршы жырау Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына «Байғанин оқулары» көркемсөз оқу онлайн байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Көркемсөз оқу байқауына барлығы 18 талапкер қатысты. Байқау  талабы бойынша ақынның өлеңін және дастанынан үзінді оқуда мәтін көлемінің 2-3минуттан аспауы керек. Байқау қорытындысында ІІІ орын – Орал Махаббат  Бөгетсай мектеп-гимназиясынан, Жақсатова Зарина Дөн мектеп-гимназиясынан, Алила Жасұлан Сатпаев орта мектебінен. ІІ орын – Қажығали Аяулым Майтөбе орта мектебі, Ахметов Даниял Сатпаев орта мектебінен иеленіп, арнаулы дипломдармен марапатталды.Байқауға қатысқан талапкерлерге белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Н.Байғаниннің  «Еңбек туралы жыр» өлеңін , «Ел тілегі»  дастанын оқып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен І орын иегері №5 Хромтау мектеп-гимназиясынан Аманкелді Рауан облыстық кезеңге жолдама алды.                                                   
         Осы жоғарыда аталған жеңімпазымыз Аманкелді Рауан Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұйымдастыруымен «Байғанин оқулары-2020» облыстық кезеңінде де жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен бірге «Оқы, Ақтөбелік өренім» облыстық оқу марафонына белсене қатысқаны үшін  кітапхананың тұрақты оқырманы №2 гимназияның оқушысы Утемисова Лунара және оқу марафонын аудан көлемінде белсенді ұйымдастырғаны үшін кітапханашы Жиембаева Тамара Сагирқызы Алғыс хаттармен марапатталды.

                                                                                           

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 477Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий