17 қазан күні аудандық кітапханада жылма жыл дәстүр бойынша өтетін облыстық
балалар кітапханасының ұйымдастыруымен халық ақыны, айтыскер, жыршы-жырау Н.Байғаниннің шығармашылығына арналған «Байғанин оқулары» аудандық көркемсөз оқу сайысы өткізілді. Мақсаты: ақын Н.Байғанин шығармаларын насихаттау; Кітап оқу мәдениетін жетілдіру. Оқырмандар назарына «Ақынның асыл мұрасы»атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, слайд көрсетілді. Байғанин оқуларының І-кезеңінде қатысушылар ақынның өлеңдерін, дастандарынан үзінділерін мәнерлеп жатқа айтты. ІІ-кезеңде қатысушылар ақынның шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап берді. Қатысушылардың мәнерлеп оқуы мен сахна мәдениетіне басты назар қойып қазылар алқасы өз бағаларын берді. Қазылар алқысының мүшелері: Аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мариям Төреғалиқызы, мектептен тыс білім беру орталығының «Өлең өрнектері» үйірмесінің жетекшісі Оразова Жанат Есетқызы,аудандық кітапхананың әдіскері Абиева Баян Тойбазарқызы. Нәтижесінде І орын – Бақыт Ақбота/Бөгетсай мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы, ІІ-орын – Князбаева Гүлбақыт/ №3 мектеп 11 сынып оқушысы, ІІІ-орын – Утегалиева Гүлзат /№3 мектеп 6 сынып оқушысы жеңімпаз атанды.№6 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Зайткерей Іңкәр сайысқа белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Қатысушыларға естелік сыйлықтармен, дипломдар табысталды. Сондай-ақ I орынды жеңіп алған Бақыт Ақбота Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында өтетін «БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ» атты облыстық көркемсөз оқу сайысына жолдама алды . |