Байқау!Байқау!Байқау!

2021 жыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына байланысты Хромтау аудандық кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай \»Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз\» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты:

Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын жырға қосу, насихаттау;

Өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Ұлттық поэзия ізін жалғар өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету;

Байқаудың өту уақыты: 29 қазан 2021 жыл

Байқау шарттары:

•Байқау екі кезеңнен тұрады

Бірінші кезең : Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қатысушының өз шығармасы;

Екінші кезең: жалпыхалықтық оқуға ұсынылған Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында төменде көрсетілген ақындардың бір өлеңін мәнерлеп жатқа айту (өз таңдауы бойынша)

1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».

2.Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».

3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».

4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».

5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».

6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».

Байқауға 7-11 класс оқушылары қатысады.

Байқау жұмыстарының бағалау өлшемдері

Өлеңдердің тақырыптық, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесіне баса назар аударылады.

Өлеңді жатқа оқуға міндетті

Сахна, киім мәдениетінеде көңіл бөлінеді.

Марапаттау рәсімі:

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар I орын- біреу, II орын-екеу, III орын -үшеу және белсене қатысқаны үшін марапатталады.

Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.Байқауға қатысу үшін 27 қазанға дейін тіркелуі қажет.

Байқауға қатысуға өтінімдер мына мекен-жай, электронды пошта арқылы қабылданады:

Хромтау аудандық орталық кітапханасы, Ә.Молдағұлова көшесі -7

тел.: (871336) 24-1-41. 8707 669 02 93

е-mail: biblhrom2009@mail.ru

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий