Кітапхана – кітап үйі

Мектептен тыс білім беру орталығының «Балдәурен» лагерінің балалары және №1«Күншуақ» балабақшасының балалары кітапханаға саяхатқа келді.Кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапханамен таныстыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында лагерьдің жетекшілері Далахова Гүлжан және Кереева Гүлзада балалармен кітапханаға келді. Оқушылар кітапхананың ішкі бөлімдерін аралады, кітапхана ережесімен танысты. «Кітапхана – кітап үйі» тақырыбында слайд көрсетіліп, викторина сұрақтарына жауап беріп, жұмбақтар шешті.Кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде жазғы оқу бағдарламасына арнайы «Жақсы кітап-жан азығы» атты кітап көрмесі жасалып кітап көрмесіне шолу жүргізілді.Көрмеге баланың қызығушылығын тудыратын шығармалар, кіші жастағы балаларға арналған ойыншықтар, көз тартатын панорама кітаптар, ашылмалы кітапшалар сөйлейтін суреттер, сөздіктер оқушылардың кітапқа деген құштарлығын оята білетін әдеби кітаптар қойылды.Өздеріне бұл жерден қызықтыратын біраз мәліметтер алатындарына көз жеткізді. Мұнда кітап оқуға оқуға ыңғайлы,қалаған оқулығының бәрін де табуға болады, - деп жатты балалар.Адамға рухани байлық беретін кітап екенін оқушылар түсінді. №1«Күншуақ» балабақша балаларына балалардың сүйіп оқитын: Маша мен аю; Қызыл телпек;Шалқан; Алтын сандық; «Мың біртүн ертегілері» сериясымен шығатын кітаптар ; Алдаркөсе; Түлкіні алдаған шал т/б. ертегілері…

0 комментариев

ҚР Мемлекеттік рәміздер күні/ День Государственных символов РК

4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған «Байтақ елімнің рәміздері» атты танымдық-тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Отан, Қазақстан,туған жер туралы түсініктерін кеңейту.ҚР-ның рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді,Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кеңімен мақтанар» деген ,елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін деп, оқушылармен Рәміздерге шолу жасалынып, мәдени мәліметтер берілді. Рәміздер туралы тақпақтар оқылды.Бұл өткізілген танымдық-тәрбие сағаты МТББО жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы лагердің балалары мен тәлімгерлерінің қатысумен өткізілді.    

0 комментариев

Халықаралық балаларды қорғау күні/ Международный день защиты детей

Хромтау аудандық кітапхананың балалар бөлімінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде мерекелік ертеңгілік болып өтті.Балалар ән айтып, би билеп,күлдіргі қойылымдар қойып,жатқа оқыған өлеңдерін айтып берді. Балаларға арналған «Жақсы кітап –жан азығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып ең қызықты және танымал кітаптар қойылды. Балалар жаңылтпаштар айтып, жұмбақтар шешті. Мерекелік шарада жақсы өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар таратылды. «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқталды.   1 июня - дню защиты детей в детском отделе Хромтауской районной библиотеке прошел утренник. Дети пели песни, танцевали, читали стихи, участвовали в конкурсах с подарками и сюрпризами. Была оформлена презентация на тему: «День защиты детей», состоящая из 12 слайдов и книжная выставка. В завершении праздника дети спели песню «Пусть всегда будет солнце».       

0 комментариев