Юрий Михайлович Герт

Юрий Михайлович Герт 1931 жылы Астрахань қаласында дүниеге келген. Вологод педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиет мұғалімі дипломын алып, Мурман облысында оқытушы қызметін атқарды. Осы жерден, кеніштік Кукисвумчорр ауылынан, Кеңес әскеріне шақыртылды. 1955 жылы әскери қызметі кезінде «На рубеже» журналында Ю. Герттің бірінші «Преодоление» повесті жарияланды. Кейін Карельский кітап баспасы повестті жекеленген кітап ретінде (1957) және Софиядағы Военное баспасы болгар тілінде басып шығарады(1959). 1957 жылы Ю. Герт Қарағанды қаласына келіп, бірнеше жыл «Комсомолец Караганды» жастар газетінде, Карағанды бөлімінің Казақстан жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып жұмыс атқарды. 1964 жылы жазушының «Кто, если не ты?..» романы жарық көрді. 1968 жылы «Жазушы» баспасы оның әңгімелері мен повесттерінің «Первое апреля» жинағын шығарды. Екі жылдан соң «Простор» журналында «Лгунья» повесті жарияланды (1970). 1976 жылы «Солнце и кошка» атты повестерінің жинағы жарық көрді. Ю. Герт аудармашы ретінде белсене жұмыс атқарды.Қазақ , ұйғыр жазушыларының туындылары: 3. Самадидің «Маимхан», И. Есенберлиннің «Прикрой своим щитом» , М. Мағауиннің «Голубое марево», Р.Тоқтаровтың , «Иртыш впадает в…

0 комментариев

Туған жердің түтіні

  Ұсынылып отырған «Туған жердің түтіні» жинағына кіріп отырған «Наркескен», «Ең әдемісі - Жер», «Өнерге өктемдік жүрмейді» тағы басқаларының кейіпкерлері қазір айнала айқайлап жоқтап жүрген патриотизм, елді сүю деген ұғымды еңбегімен дәлелдеп жүрген адамдар. Кітаптағы деректі, көркем шағын шығармалар болсын, «Сахнаның падишасы» атты повесть-эссе болсын, дәл бүгінгі өнер жайлы, өмір жайлы ойланатын, ізденетін оқырманның талғамынан шыққандай.                                                                 Алғысөз Өткен ғасырдың 70-ші жылдары «Қазақстан пионері» газетінің бетінде «Туған жердің түтіні де тәтті екен» деген айдар ашып едік. Соған республиканың түкпір-түпкірінен оқушылардың туған жер жайлы толғаныстары келетін. Мүмкін, толғаныс деуге жетпей жатқан шығар. Бірақ бәрі шын көңілмен жазатын. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген мәтел сондай көңіл күйден қалса керек. Бұл жинаққа мен туған жер жайлы өзімнің жазғандарымды, туған елі мен халқына еңбегімен, өнерімен қызмет етіп…

0 комментариев

«Ғарышкер жолы»

Аудандық кітапханада Қазақстан,Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері Т.А. Мұсабаевтың 65 жылдығына танымдық сағаты өткізіліп ғарышкер туралы мол мағлұмат берілді. «Ғарышкер жолы» тақырыбында кітап көрмесі безендірілді. К 65-летиюкосмонавта Республики Казахстани Российской Федерации, генерал-лейтенантаавиации Мусабаева Т.А.в районной библиотеке был проведен познавательный час и оформлена книжная выставка«Ғарышкер жолы».    

0 комментариев