1 наурыз/1 марта

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды. 14 января 2016 года Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев подписал изменения в Указ от 20 января 1998 года «О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан». 1 марта 1995 года в Казахстане была учреждена Ассамблея народа Казахстана, и в 2015 году в рамках празднования двадцатилетия Ассамблеи Глава государства предложил объявить этот день Днем благодарности, когда представители всех этносов страны могут поблагодарить друг друга и казахов за терпимость и гостеприимство в те годы, когда многие этносы были депортированы в страну.

0 комментариев

«Жыр алыбы -Жамбыл»

27 ақпан күні халық ақыны,жыраулық өнердің шебері, айтыскер Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде  «Жыр алыбы -Жамбыл» деп аталатын тәрбие сағаты өтті. Жамбыл бабаның өмірі мен шығармашылығына негізделген бейнесюжет көрсетілді. Оқушылар Ж.Жабаевтың «Пірім менің Сүйінбай»«Халықтар достығы», «Отан қорғау»,«Ленинградтық өренім», «Аттандыру», «Алғадай» туралы, «Әрбір ой» атты өлеңдерінен үзінділерді жатқа айтып берді. «Жамбыл - жыр алыбы»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл мерекелік шара кітапханашы Т. Жиембаеваның ақынның шығармаларына библиография лық шолу жасауымен аяқталды. 27 февраля в детском отделе районной библиотеки  к 170 летию поэта Ж.Жабаева провели воспитательный час «Жыр алыбы Жамбыл». Показали видеосюжет про жизнь и творчество поэта. Учащиеся исполняли отрывки из произведении  Ж.Жабаева  «Пірім менің Сүйінбай», «Халықтар достығы», «Отан қорғау», «Ленинградтық өренім», «Аттандыру», «Алғадай туралы», «Әрбір ой». Библиотекарь детского отдела провела библиографический обзор книжной выставки «Жыр алыбы Жамбыл».

0 комментариев

Қарасаздан ұшқан қарлығаш

19 ақпан күні №5 мектеп-гимназиясында аудандық кітапхана және аудандық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай ақынның қуатты да көркем шығармалары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өлең сөздің құдіретімен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды ынталандырып, әдеби шеберлікке баулу мақсатында «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» атты аудандық байқау өтті. Байқау ақынның өлеңін оқу, өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерді орындау және «Жырсаңдық» деген үш кезеңнен тұрды. Байқауға 8 қатысушы сынға түсті, әділқазылардың шешімі бойынша І орынға –Аманжолов Ержан -№3 мектеп оқушысы, 2 орынға Алдабергенова Салтанат-Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 3курс студенті, 3 орынға Әбдразақов Арыстанбек –Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 2 курс студенті. Қатысушылар алғыс хаттарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды 19 февраля в актовом зале школы- гимназии №5 районная библиотека совместно с ГУ «Районный дом культуры» организовали и провели районный конкурс «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» к 85-летию поэта Мукагали Макатаева. Конкурс состоял из трех туров – выразительное чтение поэзии поэта,исполнить…

0 комментариев