Кітапханаға саяхат/Экскурсия в библиотеку

2 наурыз күні балалар бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Т.С. және қызмет көрсету бөлімінің кітапханышысы Курманова А.Ж. № 1 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен «Кітап патшалығына саяхат» тақырыбымен кітапханалық сабақ өткізді. Сабақ слайд түрінде жүргізілді. Іс-шара балалар үшін танымды және қызықты өтті. Бұл сабақтан олар көп мәлімет алды:кітапхананың ішкі бөлімдерімен: абонемент,оқу залы, стеллаж, формуляр деген ұғымдармен танысты. Оқушыларға кітапханаға қалай жазылу керек, кітаптардыпайдалану,кері қайтару мен оқырманның тәртібі туралы қызықты әңгіме жүргізілді.   2 марта библиотекари детского отдела Т.С.Жиембаева и абонемента А.Ж.Курманова в Хромтауской средней школе №1 с учениками начальных классов провели библиотечный урок на тему «Экскурсия в библиотеку» в виде показов слайда. Мероприятие было познавательным и интересным для детей. Получили много информации об отделах библиотеки. Также библиотекари рассказали как записаться в библиотеку и правила пользавания библиотекой.  

0 комментариев

Жас дарын/ Молодой талант

№5 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Тағыбергенов Тегістің шығарған «Жамбыл бабама» атты өлеңі  «Жамбыл бабама» 170 жыл жыр алыбы- Жамбылға, Жамбыл бабам біз үшін алып тұлға. Бір ғасырдың куәсі боп табылған, Ұмытпаймыз өзіңді әр жылда.   Жауынгерге жігер бергенсенің рухты өлеңін, Сарбаздарға қуат берген «Ленинградтық өренім». Есіміңді халқын сенің ұмытпайды ешқашан, Барлық елді тәнті еткен өленің мен өнерің.                                                  26.02.2016 жыл   Стихотворение «Жамбыл бабама» ученика 8 класса школы гимназии  № 5 Тагыбергенова Тегиса

0 комментариев

\»Алғыс айту күні\»/ \»День благодарности\»

1 наурыз - Алғыс айту күніне байланысты, музейде, аудандық музей мен аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері «Қазақ еліне тағзым» тақырыбында көрме жасақтады. Көрме экспозициясына қазақ халқының және өзге ұлт өкілдерінің тұтыну бұйымдары және Тәуелсіз Қазақстанның тарихының, экономикасының, мәдениетінің даму тарихымен таныстыратын тарихи кітаптармен бірге ұлттық құндылықтарымыз туралы   шығармалар қойылды. Көрмеге №5 МГ- ның 8 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Ф.Рахметова, музей досы М.Елемесова, кітапхана қызметкерлері қатысты. Музей экскурсоводы С.Ж.Алдаберген көрме экспозициясына экскурсия жүргізсе, кітапхана қызметкері Ж.Айтанатова көрмеге қойылған кітаптарға библографиялық шолу жасады. Ғылыми қызметкер Б.Ж.Нұрмұханова музей досы М.Елемесоваға музей қорын толықтыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, естелік сыйлық тапсырды. №5 МГ-ның мұғалімі Феруза Рахметова С.Алдабергеннің мазмұнды өткізген экскурсиясына өз ризашылығын білдірді. Ғылыми қызметкер Б.Ж.Нұрмұханова 1 наурыз - Алғыс айту күнінің қабылдануы мен мәніне жан - жақты тоқталып, «Жақсы сөз жарым ырыс», «Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер» - деген халықтың нақыл сөздерімен шараны қорытындылады. Аудандық кітапхана музеймен бірлесіп алғыс айту күніне байланысты «Қазақ еліне тағзым»атты шара өткізді.…

0 комментариев