Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

 

Бугін, 12 сәуір халықаралық авиация және ғарышкерлер күні – адам баласының ғарыш табалдырығын аттаған күн.

12 апреля весь мир отмечает День авиации и космонавтики — памятную дату, посвященную первому полету человека в космос.

               

Бүгін халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

Осыдан 51 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды. «Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылды. Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке — ғарышкерлер күні болып белгіленді. 1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды.
Бәрі қалай басталды?
1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды. \»Байқоңыр\» ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері \»Байқоңыр\» әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді. 1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті. Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі — Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының \»Спутник-2\» атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы — 2-де, салмағы — 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті. Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді. Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.

Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1462/
http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1462/

 

Всемирный день авиации и космонавтики

12 апреля весь мир отмечает День авиации и космонавтики — памятную дату, посвященную первому полету человека в космос. Это особенный день — день триумфа науки и всех тех, кто сегодня трудится в космической отрасли. Кстати, с 2011 года он носит еще одно название — Международный день полета человека в космос (International Day of Human Space Flight). О чем 7 апреля 2011 года на специальном пленарном заседании Генеральной Ассамблеи ООН, по инициативе России, была принята официальная резолюция № A/RES/65/271, по случаю 50-летия первого шага в деле освоения космического пространства. Соавторами этой резолюции стали свыше 60 государств. 12 апреля 1961 года гражданин Советского Союза старший лейтенант Ю.А. Гагарин на космическом корабле «Восток» впервые в мире совершил орбитальный облет Земли, открыв эпоху пилотируемых космических полетов.
Полет, длившийся всего 108 минут, стал мощным прорывом в освоении космоса. Имя Юрия Гагарина стало широко известно в мире, а сам первый космонавт досрочно получил звание майора и звание Героя Советского Союза. Как известно, прежде чем в космический корабль сел человек, в полет были отправлены четвероногие друзья человека. В августе 1960 года советский космический корабль «Восток» с собаками Белкой и Стрелкой на борту совершил суточный полет с возвращением на Землю. Первый в истории космонавтики международный полет состоялся 15 июля 1975 года — первопроходчиками были советский корабль «Союз-19» и американский корабль «Аполлон». Вступив в 21 век, мы видим поразительные успехи космической техники — вокруг Земли обращаются десятки тысяч спутников, космические аппараты совершили посадку на Луну, привезя оттуда образцы грунта. А сам праздник было рекомендовано отмечать на международном уровне ежегодно 12 апреля в ознаменование начала космической эры для человечества, вновь подтверждая важный вклад космической науки и техники в достижение целей устойчивого развития и повышение благосостояния государств и народов, а также в обеспечение реализации их стремления сохранить космическое пространство для мирных целей. И сегодня 12 апреля в честь праздника в разных странах проходят всевозможные мероприятия — выставки, конференции, научно-просветительские и образовательные лекции и семинары, показы фильмов и многое другое. Так, в России в главном Музее космонавтики готовят специальные проекты, многие российские образовательные учреждения и планетарии проводят выставки и акции, общественные организации организуют торжественные митинги и другие мероприятия, посвященные этому Дню. Ведь это общий праздник, соединяющий прошлое, настоящее и будущее людей Земли. Кстати, в октябре ежегодно проводится Всемирная неделя космоса, посвященная еще одному значимому событию — 4 октября 1957 года на околоземную орбиту был выведен первый в мире искусственный спутник Земли.

Источник: http://www.calend.ru/holidays/0/0/32/
© Calend.ru

  

 

Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні  Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні  Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні  Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні  Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні  Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні  Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 473Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий