Ашық аспан астындағы кітапхана

🌳 18 маусым күні орталық саябақта табиғат аясында кітап оқуға арналған шара өтті. 📖 Шара барысында: • Түрлі жанрдағы кітаптар таныстырылып, оқырмандар өз ойларымен бөлісті; • Рухани пікірталастар ұйымдастырылды; • Кітаптың маңыздылығы туралы әсерлі әңгімелер айтылды. Рухани байып, ой сергітіп қайтқан барша оқырмандарға алғысымыз шексіз! 🌟 Толығырақ https://www.instagram.com/reel/DLFJp19sXk8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

“Есірткісіз әлем” онлайн сурет байқауына қатысуға шақырамыз!

“Есірткісіз әлем” онлайн сурет байқауы 🎨

📢 Құрметті оқырмандар!
Сізді “Есірткісіз әлем” атты онлайн сурет байқауына қатысуға шақырамыз! Өз шығармашылығыңыз арқылы салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік алыңыз.

🌟 Байқаудың мақсаты:
• Жастар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру.
• Салауатты өмір салтын насихаттау.

✏ Кел, бірге есірткісіз болашақ құрайық!
Барлықтарыңызды байқауға қатысуға шақырамыз! 🌍✨

(далее…)

0 комментариев

12 маусым — әкелер күні

2 маусым күні кітапханада Әкелер күні аталып өтті. Мақсаты: қоғамда әкелердің рөлін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, балалардың әкелеріне деген сүйіспеншілігі мен ризашылығын арттыру.Шараға шақырылған ардақты әкелер Бисенов Нұрғали Мұратқалиұлы, Тлеугабылов Аманжол Кенесханұлымен сұхбат жүргізілді.Қонақтар отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісті. «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің оқушылары әке туралы өлең шумақтарын оқып, әндер орындады.   https://www.instagram.com/reel/DK1SZt2omPs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев