Облыстық семинар/Областной семинар

2015 жылдың қараша айының 6-да облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы, Әйтеке би аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Кітапхана-этностық құндылықтар мен толеранттылықтың рухани орталығы» тақырыбында Әйтеке би ауданының аймақтық кітапханалар күні өткізілді.  Қазақстан халықтарының күнтізбелік-кәделі мейрамдарынан көріністер көрсетілді.  Хромтау аудандық орталық кітапханасы «Иван Купала» украин халқының мейрамынан көрініс көрсетіп мерекенің тарихына, сиқырлы құпияға толы бұл күнді адамдар таңғажайып елестермен байланыстыратын мереке күнінде өтетін рәсімдерге тоқталып, Купала түнінде ғана ерекше емдік күшке ие болатын шөптерді жинау керектігі айтылды. Түнгі думанның ең негізгі шарықтау шегі купаль алауынан секіру болғандықтан көрермендермен оттан секіру, қырыққұлақ гүлін, қазынаны іздеу рәсімдері өткізіліп белсене қатысқан қонақтарға сыйлықтар  тарту етілді.Сондай-ақ, көрермендер мерекенің салты бойынша ағаштарға ленталар байлап тілек тіледі.Ағашқа ілінген қағаз жапырақтарда жазылған Иван Купала мерекесіне байланысты мақал-мәтелдер,ырымдарды қазақ тілінде немесе орыс тілінде  оқып мағынасын түсіндіріп берді. Мереке барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, көрермендермен тығыз байланыста өткізілген  шағын көрініске әріптестер ризашылығын білдіріп,шығармашылық…

0 комментариев

Иван Купала мерекесі/Праздник Ивана Купала (Сценарий)

  Иван Купала мерекесінің сценарийі/Сценарий ко дню празднования Ивана Купала           Қайырлы күн құрметті қонақтар!        Добрый день уважаемые гости!       Иван Купала мерекесі-көне замандардан бері славяндар үшін күн мейрамы. «Иван Купала» – кезінде маусым айының 23-нен 24-не қараған түні (жаңаша 7 шілде ) аталынып өтілетін және жазғы күннің тоқырауына сәйкестендірілетін мейрам. Бұл түні адамдар ұйықтамай  таңды күткен, бұл уақытта,арам күштер, су перісі, мыстан тіріліп келеді деген наным болған. Сиқырлы құпияға толы бұл күнді адамдар таңғажайып елестермен байланыстырады. Бұл күні алаулар жағып, адамдар өзендерге шомылған. От тазалықтың нышаны саналып, жастары алаудың үстінен секіріп, өздерін тазалайтын болған.Жыл сайын бұл түні әлемнің тағдыры шешіледі: не Жарық дүние орнайды, не әлемді қара Түнек жалмайды деп саналған. Әр жылы шайқаста Жақсылық күштері жеңіп шығады. Және осы мереке кезінде көп нәрсені істеп үлгеру керек деп саналған, яғни, далаға жағылған оттан секіріп өту, сауықтыратын суларда жуыну, Купала түнінде ғана ерекше емдік күшке ие болатын шөптерді жинау,…

0 комментариев