«Ауғанстан – жүректегі жара»

 8 –ші  ақпан  күні  аудандық кітапхананың  оқу залында  Қеңес әскерлерінің  Ауғанстан жерінен  шығарылғанына 30 жыл толуы  қарсаңында  №  3  мектептің 8, 9, 10 класс  оқушылары мен  мектеп  кітапханашы Талтанова А.А. қатысумен  ерлік сабағы  өткізілді. Ауған  соғысы туралы ақиқатты  жас  ұрпаққа жеткізу, интернационалдық  борышын  өтеу жолында  жерлестеріміздің  ержүрек ерліктерін  дәріптеу мақсатында  «Афганстан  жүректегі жара»  атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу  жасалды. Көрмеге Ауғанистандағы  шайқаста құрбан  болған  және сол соғыста  аман  қалған жерлес жауынгерлер  туралы  деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың  фотосуреттері, мерзімді  басылымдар  беттерінде жарияланған  мақалалар топтамалары  қойылды. Шара  барысында Ауған соғысы  жайында  бейнефильм көрсетілді.         

0 комментариев

Ауғанстан жүректегі жара

 Ақпанның  1-14  аралығында  қалалық мектептердің  кітапханаға  саяхаты  аясында  аудандық кітапхананың оқу залында  шектеулі Қеңес әскерлерінің  Ауғанстан  жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына  орай ақпараттық  сағаты  өткізілді. Бағила Құрмантаева  мен  Гүлмира  Сүйінішова  бастаған  №5  Хромтау гимназиясының  8  класс  оқушыларына  аудандық  кітапхананың  қызмет көрсету бөлімінің  меңгерушісі  Мансия Тымбаева  ауған  соғысының  тарихы туралы  мәлімет беріп, бейнесюжет көрсетті. Ауған  соғысы  тақырыбындағы кітаптарды насихаттаған  кітапхана  қызметкерлері  оқушыларға  кітапханаға жиі келіп, жаңадаң  түскен  кітаптарды  оқуға  шақырды.         

0 комментариев

«Ауғанстан жалыны»

 Ақпан айының 2-де Ақжар ауылында 15 ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл қарсаңында «Ауғанстан жалыны» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.  Шараға ауған соғысының ардагерлері Кужбанов А.Т.,Люкаев С.,Өтениязов Т., мұғалімдер, мектеп оқушылары,,аудандық, ауылдық кітапхана  және музей қызметкерлері қатысты. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ауғанстан-жүректегі жара» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жасалды.    

0 комментариев