\»Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім\»

3 қыркүйекте
Хромтау аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен \»Менің ертегідегі сүйікті
кейіпкерім\» атты балалар сурет байқауының қорытындысы мен марапаттау
рәсімі өткізілді. Жалпы саны байқауға №1,5,7,8 бөбекжай-балабақшаларының, 3-5
жас аралығындағы 55 бала қатысты. Байқау нәтижесі бойынша: I орынды Давлетова
Амина (№1 балабақша), II орынды Нұрланұлы Нұрсұлтан (№5 балабақша), Санат
Айтмұхан (№7 балабақша), Марат Ибраһим (№8 балабақша). III орынды Ананьева
Ксения (№1 балабақша), Сидакина Адина (№5 балабақша), Есенғали Сезім (№8
балабақша) иеленіп, дипломдармен марапатталды. Байқауға қатысқан өзге де
балаларға ынталандыру үшін алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Байқауға
қатысқан барлық суреттер \»Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім\»
көрмесіне қойылып, келушілер назарына ұсынылды.

   

 "Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім" "Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім" "Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім" "Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім"

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 473Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий