«Болашағың бұлыңғыр болмасын десең…»💉🩸

Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылып «Болашағың бұлыңғыр болмасын десең…» тақырыбында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен пікір алмасу өткізілді. Бұл шараның мақсаты: Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, насыбай, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.
Кітапхана қызметкерлері Беркимбаева Д.Б, Абиева Б.Т бұл айтулы күннің маңыздылығына тоқталып, жастарды күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқан, әлемді жайлаған нашақорлық дертінен, басқа да жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. «Нашақорлыққа жол жоқ» кітап көрмесі дайындалып, шолу жасалды. Нашақорлық туралы әлеуметік ролик көрсетілді.

https://www.instagram.com/reel/C8HNSsXMVgf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 576Регистрация: 20-10-2021