«Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар конференциясы

«Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар
конференциясы

Хромтау аудандық кітапханасының оқу залында
Қазақстан халық жазушысы, шебер қаламгер Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына
арналған «Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» атты «Ш ыңырау» повесі бойынша
оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға № 3 Хромтау орта мектебінің
оқушылары, мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында
жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы қысқаша слайд көрсетілді.№3
мектептің 8 класс оқушылары «Үркер» романынан алынған қысқаша қойылым
көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері – Келгесинова Рахия
Жарасқызы және Махмудова Айнұр Амандыққызы оқушыларға «Үркер» романы мен
«Шыңырау» повесі туралы әңгімелеп берді. Оқушылар осы шығармаға қатысты өз
ойларын ортаға салып, басты кейіпкердің еңбекқорлығы, шөл даладағы бірден бір
су көзі құдық ,құдықшылық кәсібі жалпы шығарманың тәрбиелік мәні туралы
талқылады. Сонымен қатар, шебер, керемет құдықшы, талай елдің шөлін қандырып,
сауабын алған ерекше қабілетті ,аты аңызға айналған шығарманың басты
кейіпкері- Еңсеп туралы, «Шыңырау» повесі туралы бейне-ролик көрсетілді.

Оқу залында Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына
арналған «Әдебиетіміздің асқар биігі» айдарымен безендірілген кітап көрмесі
оқырмандар назарына ұсынылды.
Шара соңында аудандық кітапхана директоры
А.Ж.Таимова конференцияға қатысушыларға алғысын білдірді.

 

Читательская
конференция «Шебер қаламгер – Әбіш Кекілбаев»

В
читальном зале Хромтауской районной библиотеки прошла читательская
конференция по творчеству Абиша Кекильбаева. Главной темой конференции стала
его повесть «Шыңырау». Активное участие в конференции приняли ученики,
учителя и библиотекари Хромтауской средней школы №3. Специально была
подготовлена презентация по биографии и творчеству писателя. А учащиеся 8
класса ХСШ №3 показали сценку из романа писателя «Үркер».
После чего, учителя казахского языка и литературы Рахия Жарасовна и Айнур
Амандыковна изложили суть романа «Үркер» и повести «Шыңырау». Также и ученики высказывали свои мысли по
поводу повести. Таким образом, повесть повествует нам о трудолюбии, упорстве,
самоотверженности и о волевом характере на пути к своей цели.

В
читальном зале к вниманию читателей была представлена книжная выставка по
творчеству Абиша Кекильбаева на тему «Әдебиетіміздің асқар биігі».

В завершении мероприятия директор библиотеки
Таимова А.Ж. выразила благодарность участникам конференции.

 

 

 

«Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар конференциясы  «Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар конференциясы    «Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар конференциясы  «Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар конференциясы  «Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар конференциясы  «Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар конференциясы

Автор публикации

не в сети 7 часов

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 564Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий