«Ана тілім-өмірімнің айғағы»
Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариам Төреғалиқызының 80 жасқа толуына орай өткізілген «Ана тілім-өмірімнің айғағы» атты кездесу кеші туралы Тау кең техникалық колледжінің акт залында 2017 жылдың 3 наурызында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариам Төреғалиқызының 80 жасқа толуына орай аудан әкімінің қолдауымен,Хромтау аудандық мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана тілім-өмірімнің айғағы» атты кездесу кеші өткізілді.Кешке Мариам Төреғалиқызының шәкірттері,туыстары,әр жылдары қызметтес болған әріптестері, мекеме басшыларымен қатар, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының төраға орынбасары Қабақбаев Жанғабыл Жұмағалиұлы, Мұғаджар аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Құрал Байсұлтанұлы қатысты. Кеш барысында апайдың өмір жолы мен қызметі бейнеролик,слайд арқылы баяндалды.Ұстазы оқушыларын тақтаға сабақ айтуға шақырғандай шәкірттерін сахна төріне шақырып керемет кездесу болды.Мектепте қызмет атқарып жүрген кездердегі қызықты оқиғаларды шәкірттері еске түсіріп,Сағынжан Дильманов дайындап келген әндерін шырқап мектеп вальсін биледі.Шәкірті Баянғали Құлтаев сыныптастарының атынан сөз сөйледі.Уақыттың тығыздығына байланысты,келген қонақтардың барлығының тілек білдіруге мүмкіншіліктері болмағандықтаң, зал бойынша тілек альбомы ұсынылды. Мәдениет үйінің қызметкерлері сахнаға шығып әсем әндерімен көңіл көтерді. Кеш соныңда Мариам…