«Қос алыптан қалған із» атты облыстық кітапханашылар байқауы

     Ақтөбе облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ел есінде екі алып» Қуандық Шаңғытбаев пен Тахауи Ахтановқа арналған республикалық фестиваль конкурсы аясында кітапханашылардың кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыруға қолдау көрсету, шығармашылығын дамыту, кітапханашы мамандығының имиджін көтеру мақсатында «Қос алыптан қалған із» атты облыстық кітапханашылар арасындағы шығармашылық байқау өткізілді. 29 мамыр күні байқау қорытындысы жарияланып, әділқазылар шешімі бойынша Хромтау аудандық кітапханасының қызметкерлері Жанаева Мөлдір Мүсірәліқызы бас жүлде (теледидар) сертификаты, Тугелова Нұрсұлу Жұмабекқызы II орынды иеленіп ( қысқа толқынды пеш) сертификаттары табысталды.    В рамках республиканского фестиваля, посвященного 20-летию города Астаны, организованного Областной юношеской библиотекой им. С. Жиенбаева при поддержке Актюбинского регионального управления культуры, архивов и документации, прошел областной конкурс среди библиотекарей. 29 мая были объявлены результаты конкурса, по итогам членов жюри Гран при было удостоено библиотекарю Хромтауской районной библиотеки Жанаева Молдир Мусиралиевна, также вручили сертификат (телевизор), и Тугелова Нурсулу…

0 комментариев

«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»

     15 мамыр күні аудандық кітапхананың оқу залында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ш.Құдайбердиевтың «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби-танымдық кеші өткізілді. Жазушының шығармашылығын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында өткен Ш.Құдайбердиевтың әдеби кеші сезім мен сырға толы болды. Әдеби кеш №5 мектеп гимназиясының оқушыларымен жетекшісі Рахметова Феруза Жақсылыққызының қатысуымен өтті. Сондай-ақ, мектептен тыс білім беру орталығының домбыра мен би үйірмесінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында оқушылар Ш.Құдайбердиевтың махаббат мәңгілігін, табиғат әсемдігін өзек еткен жыр-шумақтарын мәнерлеп оқыды. Ақын шығармашылығына деген махаббаттарын осылайша көрсеткен оқушылар, сонымен бірге «Шәкәрім мұрасы-өшпес ғұмыр» атты кітап көрмесін және ақын шығармасымен, өмірбаянынан сыр шертетін слайд-шоу қатысушылар назарына ұсынылды. Кешке келген әдебиет сүйер қауым ақын өлеңдерімен танысып, бүгінгі ұрпақтың ақын өнерін, мұраларын, шығармашылығын қастерлей білетіндіктеріне көз жеткізді. Шәкәрім атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте тұту-біздің қасиетті борышымыз. Шара соңында «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мәриям Төреғалиқызы оқушыларға, кітапхана ұжымына өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, мектептен тыс білім…

0 комментариев

Кітап әлеміне саяхат

     Мамыр айының 11 күні аудандық кітапханаға №5 мектеп гимназиясының 1 «ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Иманкулова Венера Асылбекқызымен саяхатқа келді. Кітапханашы Жанаева Мөлдір кітапханаға жазылу ережесімен таныстырып, экскурсия жасады. Балаларға қызықты кітаптар көрсетіліп,онын ішінде музыкалық, панорама, пазл кітапшалары мен энциклопедияларға және «Ертегілер әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жүргізді. «Даналық әліппесі» атты инновациялық сөйлейтін қалам кітабы балаларға ерекше ұнады. Саяхат соңында оқушыларға жадынамалар таратылды.    11 мая ученики 1-го класса школы гимназии №5 посетили районную библиотеку с классным руководителем Иманкуловой Венерой Асылбековной. Библиотекарь Жанаева Молдир ознакомила детей с правилами пользования книгами. Детям показали интересные детские книги, энциклопедии, также просмотрели книжную выставку «Сказки». И в заключении детям раздали заметки с правилами посещения библиотеки.   

0 комментариев