Кітапхана — мақтанышым

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласы аясында 15 тамыз күні Аудандық кітапхана ұйымдастыруымен Бөгетсай
ауылдық округінде «Кітапхана-мақтанышым» атты жас кітапханашылар сайысы өтті.
Байқаудың мақсаты – кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындап,
имиджін нығайту.

   Сайысқа Хромтау аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов, аудандық тарихи-өлкетану
музейінің директоры Нұргүл Аманғалиева, аудандық кітапхананың құжаттарды өңдеу
және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Нұржамал Имандосова және кітапханаларды
дамыту бөлімінің әдіскері Баян Абиева қазылық етті.

  Ауылдық кітапхана қызметкерлері 6 кезең
бойынша сынға түсіп, І кезеңде өзін және қызмет атқаратын кітапханасын
таныстырса, ІІ кезеңде өз өнерлерін ортаға салды. Жарыстың ІІІ кезеңінде
қатысушылар виртуалды кітап көрмелерін көрермендерге ұсынып, ІV кезеңде
қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларынан қойылған сұрақтарға жауап берді. V
және VІ кезеңде сайыскерлер үй жұмысы және дайындаған портфолиосы бойынша ұпай
жинады.

  Сайыстың қортындысы бойынша І орынды Ақжар
ауылдық округінің кітапханашысы Ұлболсын Омарова жеңіп алса, ІІ орынды Тассай
ауылдық округінен келген Ақмарал Карина иеленді. ІІІ орынды Көктау ауылдық
округінің кітапханашысы Эльмира Турганбаева қанағат тұтты. Сайысқа қатысушылар
мен жүлделі орын иеленген сайыскерлер арнайы алғыс хаттармен және бағалы
сыйлықтармен марапатталды.

   

Кітапхана - мақтанышым Кітапхана - мақтанышым Кітапхана - мақтанышым

 

 

 

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 473Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий