«Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы»
«Ақ орамал-бейбітшілік пен адалдықтың айнасы» атты дөңгелек үстел атты дөңгелек үстел Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV халықаралық саммитте жариялаған «Əлем ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге бастама көтерген еді. Дәл осы бастама негізінде еліміздегі барлық аймақтарда тамыз айының басында бастау алған «Ақ орамал» атты акциясы біздің ауданды кітапханада да жалғасын тапты.Ақ орамалдың қазақтардың тарихында философиялық мағынасы терең.Ақтүс – тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді; бұл – адамзат өмірінің негізі – ананың ақ сүтінің түсі; бұл – абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі. Дәл осы алғышарттарды арқалаған акцияның да мақсаты – қоғамдағы адамдарды бейбітшілік пен тұрақтылық құндылығын сезінуі мен өзара құрмет көрсетуге, ұстамдылық пен саналылық, соғыс атаулыны болдырмау үшін ынтымаққа шақыру болып табылады. Жауды да, дауды да тілсіз терең философиялық таныммен жаулық арқылы ғана тоқтатқан татуластыру дәстүрінің өзі қазақта ана басындағы ақ жаулықты сыйлау мен…