Облыстағы діни ахуал және діни тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері

Сәуір айының 15 де, №5 мектеп гимназиясының акт залында ,қоғамда өз көзқарасын айқындай алатын ,жат діни ағымдардан аулақ жүретін,сенімі берік, қоғам өмірінде биік мақсаттарды жүзеге асыруға дайын, ұлтжанды азамат тәрбиелеу мақсатында аудандық ішкі саясат және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Облыстағы діни ахуал және діни тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.Шараға «Нұр ғасыр» мешітінің найб имамы Халелов Ерлан Мамайұлы, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы, аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Әли Алмат Амангельдіұлы, №5 мектеп –гимназиясының оқушылары, мұғалімдері, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Шара дін мен бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына арналып, дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ жастарының дінге көптеп бет бұрып жатқанымен түрлі ағымдардың жетегінде кетіп жатқандары , тура жолдан адаспас үшін қалай сақтануға болады, яғни басқа жат ағымдардың уысына түспеудің жолдары туралы пікір алмасты.Оқушылар қонақтарға көкейлерінде жүрген дін туралы сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

0 комментариев

Ескерусіз ұмыт қалған кітаптар/ Незаслуженно забытые книги

Әрбір кітапхананың сөрелерінде жаңа кітаптармен қатар, уақыт елегінен өткен, бүгінгі күні жазықсыз ұмытылған кітаптар тұр. Бәрі де ұмытылғандай, кітаптың авторы да, өзі де... Ал сөредегі сәл шаң басқан кітапты қолға алсаң, өткен күндер көз алдыңа келеді. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында осы сүйікті авторлардың шығармаларын оқырмандар қызығып оқыды. Классикалық фантастика, шытырман оқиғалы кітаптар, қаhарман-алғашқы ашушылар туралы ғылыми-көпшілік әдебиеттер, өткен жылдарда өмір сүрген атақты азаматтар, спорт шеберлері, әртістер туралы әдебиеттер, тарихи әдебиеттер, бәрін айтып болмайсың. Бүгін олар жазықсыз ұмытылып, кітап сөрелеріндегі қазіргі кездегі бояуы қанық мұқабалы жаңа кітаптар арасында көзге ілінбей тұр. Ұмытылған кітаптар, бірақ өте таныс және сүйікті... Хромтау аудандық кітапханасынның қызмет көресу бөлімінде «Ескерусіз ұмыт қалған кітаптар»» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеде ондаған жылдар бұрын оқырмандар мүддесi ұстап қалған, қолдан қолға көшкен, қазір әділетсіз ұмытылған, қайта басылмаған көркем әдебиеттер бар. Қазір бұл кітаптарды сирек оқиды, қайта басылымы жоқ, бірақ олардың арасында қазіргі күн оқырмандарына да қызық болатын әдебиеттер баршылық. Оқырмандарымызды осы ұмыт қалған кітаптарды…

0 комментариев