«БИБЛИО STAR»

Хромтау аудандық кітапханасының кітапханашысы Жаханова Ақжарқын Махсутқызы Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "БИБЛИО STAR" атты кітапханашы мамандар арасындағы облыстық кәсіби - шығармашылық байқауынан 1 - орын иеленді.

0 комментариев

«Кітапхана жұмысында заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты семинар-тренинг

  Хромтау аудандық кітапханасының оқу залында аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы кітап оқуды насихаттау заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп қана қоймай кітапхана жұмысында қолдану мақсатында «Кітапхана жұмысында заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты семинар-тренинг өтті. Семинарда «Ауылдың кіші энциклопедиясы» жобасы аясында өткен «Туған өлкенің тарихи тұлғалары және тарихи ескерткіштері» байқауының қорытындысы жарияланып, үздік жұмысымен ерекшеленген Тассай ауылдық кітапхана қызметкері Карина Ақмарал дипломмен, естелік сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы Жайлыбай С.А. кітапхана ісін дамытуға айрықша үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді және ұзақ жылдар бойы кітапхана саласында еңбек етіп зейнеткерлік демалысқа шыққан Аққұдық ауылдық кітапханасының қызметкері Иманкулова Гүлайым Кенжебайқызын алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен марапаттады. Қатысушылар семинардан көптеген ақпараттар жинап, жаңашылдыққа ұмтылыс, серпін алып тарқасты.  

0 комментариев

Көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы

Бүгін аудандық кітапхананың оқу залында асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген халық ақыны, жазушысы, Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті. 🔸Байқаудың мақсаты: Жас ұрпаққа Мұхтар Шахановтың қуатты да көркем шығармаларын насихаттау, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу,отансүйгіштікке тәрбиелеу, Байқауға мұғалімдер, кітапхана қызметкерлері,ауылдық және қалалық мектептерден 20 талапкер қатысты. 🔸Байқаудың шарттары: «Ана тілім – мәңгілік бойтұмарым» эссе жазу. Мұхтар Шахановтың шығармашылығынан 1 өлең оқу. 🔶 Әділқазылар алқасының шешімі бойынша I орынға №5 Хромтау гимназиясының 9 класс оқушысы Жолдасқалиева Ақтолқын, ,ІІ орынға Нұрлы көш орта мектебінің 9 класс оқушысы Қалдыбекова Айжан,Тасөткел орта мектебінің 8 класс оқушысы Әріп Инабат,ІІІ орынға Сәтбаев орта мектебінің 9 класс оқушысы Қуанышбай Мейіржан, №7 Хромтау мектеп гимназиясының №7 Хромтау мектеп гимназиясының 8 класс оқушысы Тишбаев Ерасыл, №5Хромтау гимназиясының 9 класс оқушысы Тәуекелова Асемай ие болды. Сонымен қатар, №3 Хромтау орта мектебінің 9 класс…

0 комментариев