«Бақытты бала-бақытты ел» атты ертеңгілік

1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Хромтау аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бақытты бала-бақытты ел» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама аясында «Көңілді ойындар» сергіту сәті және мектептен тыс білім беру орталығының «Ән әлемі», «Шабыт»би үйірмесінің оқушыларының қатысуымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» сазды бағдарлама ұйымдастырылды. ⚜️Бағдарламаның екінші бөлімінде «Ертегі ғажайып әлемі» байқауының қорытындысы өтті. Байқау қорытындысы әр номинация бойынша үздіктері І-ІІ-ІІІ орындармен марапатталды,барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді. https://www.instagram.com/reel/C7maS22M934/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Ұлы Нәубет: Қасіреті мен тағылымы» атты кітап көрмесі

Хромтау аудандық кітапханасы 31 мамыр күні Жеңіс аллеясында жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш жанында еске алу жиыны өтті. Шараға аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық тарихи-өлкетану музейі, білім бөлімі, аудандық кітапхана, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынып, гүл шоқтары қойылды. Аудандық кітапхана «Ұлы Нәубет: Қасіреті мен тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындады. https://www.instagram.com/reel/C7n_Qm8szEU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Семинар «Кітапханалардың қызметін жаңғырту»

Ағымдағы жылдың 17 -мамыр күні «Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша »КММ ауылдық кітапхана қызметкерлеріне «Кітапханалардың қызметін жаңғырту» семинары болып өтті. 📌Семинар бағдарламасында: 1. «Кітапхана және отбасылық оқу» 2. «Кітапханадағы кітап оқуды ынталандырудағы көпшілік шаралар». 3. «GoogIe Drive пен жұмыс істеуге арналған 20 лайфхак», «Кітапханалық әлеуметтік желілерді бақылау мен ескертулер». 4. «Жазбаша есептің тәсілдері» туралы айтылып талқыланды. Семинар соңында кітапханашылар өз ойларымен бөлісіп, жазғы мезгілде атқарылатын жұмыстар түрлері нақтыланды. https://www.instagram.com/reel/C7Ei3Olsbbd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  

0 комментариев