“Қазағымның қазынасы-домбыра” атты ақпараттық сағаты

⚜️Хромтау аудандық кітапханасында 1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай “Қазағымның қазынасы-домбыра” атты ақпараттық сағат өткізілді. 🔸Шара барысында Елбасы бекіткен мерекенің мәні мен маңыздылығы жайында, домбыраның қазақ өмірінде алатын ерекшелігі жайында айтылды. Хромтау музыка мектебінің оқушысы Лунара Утемисова Құрманғазының “Адай” және Бауыржан Ақтаев “Алаш аманаты” күйлерін нақышына келтіріп орындады. 🔸 Сонымен қатар, “Қазағымның қазынасы -домбыра” кітап көрмесі таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.                

0 комментариев

«Әке — асқар тау, биік шың» әкелер сайысы

21 маусым - Халықаралық Әкелер күніне орай Хромтау аудандық кітапханасы «Әке - асқар тау, биік шың» атты кітапхана оқырмандары арасында әкелер сайысын ұйымдастырып өткізді. Сайысқа 4 оқырман әке балаларымен қатысып өз бақтарын сынады. Сайыстың мақсаты : Кітапхана мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Отбасының әкенің бала тәрбиесіндегі ролі туралы түсінік беру. Сайыс қортындысы бойынша, төмендегідей жүлдеге ие болды: 1 -орынға Реймов Қ.Е 2- орынға Қазбаев Н.М 3- орынға Жолдыбаев А.М Белсене қатысқаны үшін Дүйсенов Е.О иеленді. Сонымен қатар кітапхана оқырманы ,сайысқа демеушілік жасаған «Азамат-Аманат» ерлер киімдер кәсіпкері Самал ханымның 10 мың теңге көлеміндегі барлық қатысушыларға сертификаты табысталды. Сайыс соңында әкелердің құрметіне «Мың алғыс әке» әнін Мырзабай Айару тарту етсе, «Оқуда озат боламын» әнін Реймов Жансерік көрермендерге арнады. Аудандық кітапханасының кітапханашысы Каметия Бибіткүн келген көрермендерге әкелер туралы кітаптарға шолу жасады. https://www.instagram.com/reel/C8elUlusSpn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Болашағың бұлыңғыр болмасын десең…»💉🩸

Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылып «Болашағың бұлыңғыр болмасын десең…» тақырыбында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен пікір алмасу өткізілді. Бұл шараның мақсаты: Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, насыбай, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Кітапхана қызметкерлері Беркимбаева Д.Б, Абиева Б.Т бұл айтулы күннің маңыздылығына тоқталып, жастарды күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқан, әлемді жайлаған нашақорлық дертінен, басқа да жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. «Нашақорлыққа жол жоқ» кітап көрмесі дайындалып, шолу жасалды. Нашақорлық туралы әлеуметік ролик көрсетілді. https://www.instagram.com/reel/C8HNSsXMVgf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев