"Бір ел - бір кітап" акциясы аясында XX ғасырдың басындағы саяси тұлға, қазақ тілі білімі ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Тіл туының тұғыры - Ахмет Байтұрсынұлы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға Хромтау тарихи-өлкетану музейінің директоры Аманғалиева Нұргүл Жолмұратқызы, №1 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кереева Гүлзада Әлібекқызы, № 3 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Имекешова Құралай Мардановна, №5 Хромтау мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жекенова Гульназ Тынымбековна, №7 Хромтау мектеп-гимназиясың тарих пәні мұғалімі Жетесов Нұртай Алмасұлы, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Тымбаева Гүлсезім Сәрсенқызы, колледж кітапханашысы және студенттері қатысты. Шара барысында қазақ ұлтының, соның ішінде қазақ тілінің өміршендігі, тіл мұрасы, Латын әліпбиі, халық ауыз әдебиетінің дамуына қосқан үлесі еңбектері сонымен қатар ұлтым деп жүріп, тағдыр тәлкегіне түсіп, қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы баяндамалар жасалып, қазақтың мандайына біткен киелі тұлға А.Байтұрсынұлы туралы жан-жақты ақпараттар берілді. …