«Дара кітапханашы-дана кітапханашы-2023» ауылдық кітапханашылар байқауы

Хромтау аудандық орталық кітапханасының үйымдастыруымен Ақжар ауылдық кітапханасында «Дара кітапханашы-дана кітапханашы-2023» аудандық кітапханашылар байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар«Кітап.Уақыт.Біз»,Кітапхананың көрме қызметі,«Әдебиет әлемінде », «Бір ел - бір кітап», « Оқитын өлке » деп аталатын бес кезеңнен өтті. Әділқазылар алқасы төменде көрсетілген кітапханашыларды бес кезең бойынша марапаттады. Тасөткел ауылдық кітапханашысы Орынбасарова Айна III- орынға ие болса,Дөң модельді ауылдық кітапханашысы- Елеубай Аяжан II- орынды қанжығасына байлады. Жүлделі 1-орынды Тассай ауылдық кітапханашысы Карина Ақмарал иеленді. «Ең үздік инсталляциялық көрме » номинациясымен Сағымбаева А. «Зерделі кітапханашы» номинациясымен Ильясова А.«Көрермендер көзайымы» номинациясымен Кульманова З.Белсене қатысқаны үшін- Зингина Г., Имашова Р. иеленді.  

0 комментариев

«Сүйікті қалам — Астана» сурет байқауы

🎨Хромтау аудандық балалар кітапханасы Астанамыздың туған күніне орай сурет салу байқауын ұйымдастырды. ✴️Байқауға мектептен тыс білім беру орталығының «Балдаурен» жазғы лагердің 8-12 жас аралығындағы бүлдіршіндері қатысты. ✴️ Байқау қорытындысы бойынша: І- орынға Есенғали Аймерей, ІІ- орынға Төрегелді Аяулым, ІІІ- орынға Есенғали Сезім лайықты деп табылды. 🎊Жүлдегерлер мен қатысушылар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. https://www.instagram.com/p/CuTd0M7MM6f/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев