«Жыл қортындылары:Іске асырылған жоспардан-2024 жылдың идеялары» флеш-семинар

Ағымдағы жылдың 26 -қаңтар күні «Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша »КММ ауылдық кітапхана қызметкерлеріне  «Жыл қортындылары:Іске асырылған жоспардан-2024 жылдың идеялары» Zoom флеш-семинары болып өтті. Семинарда 2023 жылдың жұмыс қорытындысын жасап,биылғы 2024 жылдың жұмыс жоспарымен таныстырып,бағыт- бағдар беру. Семинарға «Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің»КММ -ге қарасты 16 -ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты. Бағдарлама бойынша сөзді «Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің»КММ -нің директоры Баймұратова Б.Ұ сөз алса,кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері -Қазбаева Ж.М – «Кітапханада көпшілік іс-шараларды ұйымдастырудың түрлері» туралы слайд арқылы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар ескі әдебиеттерді қордан шығару ережелері туралы -кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі Айтанатова Ж.Б.кітапхана қорынан мазмұны бойынша ескірген кітаптарды шығару туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кітапханашыларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Беркимбаева Д.Б.2024 жылдың өзгертілген көрсеткіштеріне тоқталды. Семинар барысында кітапхана қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп,алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарын нақтылады. https://www.instagram.com/p/C2ojZ3FNtSf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Өлеңмен өрілген өмір»атты поэтикалық марафон

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға жергілікті ақын Қызмет Нұралиннің 85 жылдығына арналған  "Өлеңмен өрілген өмір"атты поэтикалық марафонды ұсынамыз. Толығырақ кітапхананың инстаграм парақшасынан көре аласыздар.  

0 комментариев

Республикалық «Бір ел -бір кітап — 2024» акциясы

Биылғы жылы «Бір ел -бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз. Жазушының шығармаларын бірге оқиық, оқырман! (далее…)

0 комментариев