«Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы»

 29 қараша күні  аудандық кітапханада «Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» атты ашық есік күні өткізілді.    Мақсаты:  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру. Елбасының ұстанымын, даналығын, өмір жолын үлгі етіп, жас ұрпақты Отанын, халқын, жерін сүюге, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу. Шара барысында  оқу залында «Ерен Елбасы-кемел көшбасшы» кітап көрмесі ұйымдастырылып көрмеге  Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Евразия жүрегінде», «Мәңгілік ел»,  «Ұлы дала ұлағаттары» атты  еңбектері, Президенттің өмірі мен еңбек жолына арналған М.Қасымбековтің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» кітабы, Елбасы туралы айтылған ойлар,жазылған  сөздері, Мемлекет басшысының әр жылдарда жарық көрген шығармашылық жұмыстары қойылып, әрқайсысына қысқаша түсініктемелер берілді. Айталық, «Қазақстан Республикасы» сериясының «Елмен сырласу» атты басылымына Президенттің ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді, сыртқы саясатта жалпыға бірдей қауіпсіздік пен ынтымақтастықты, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған, өзара тиімді ықпалдастықты дамытуды мұрат еткен сөздері мен сұхбаттары енгізілсе, 2007 жылы жарық көрген «Қазақстан жолы» кітабында Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттері баяндалады. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас…

0 комментариев

\»Ұлы даланың жеті қыры\» дөңгелек үстел

  ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудандық тарихи–өлкетану мұражайы мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарық көрген «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Шара мұражай директоры Нұргүл Амангалиеваның «Кеңістік — барлық нәрсенің, ал уақыт — бүкіл оқиғаның өлшемі» тақырыбында жасақтаған көрмесімен басталды. Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жайнагүл Ракишева, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Жұмағалиева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен Әсима Сүйіналина, қалалық мектептердің тарих, география пәндерінің мұғалімдері, аудандық архив меңгерушісі Әсия Бектұрғанова, музыка мектебінің оқытушысы Талғат Мұхамеджанов және аудандық кітапхана мен мұражай қызметкерлері қатысты. Аудандық архив меңгерушісі Әсия Даулеткерейқызы қазіргі таңда Хромтау аудындық архивінде 98 қор сақталып келеді, жалпы 41578 бірлік, оның ішінде тұрақты 17249, жеке құрам бойынша 24329 бірлік сақталғандығы, жалпы Хромтау аудандық архивінде 1929, 1937 жылдардан бастап тарихи құжаттардың сақталып отырғандығы жөнінде айтып өтсе, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Төреғалиқызы мақаланың дер кезінде шыққаны және оған ауданның жұмыла жұмыс жасау керектігі туралы өз ойын ортаға салды. Кітапхана…

0 комментариев

Тахауи Ахтанов-шебер драматург

  26 қазан күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтановтың туылғанына 95 жылдығына арналған «Тахауи Ахтанов – шебер драматург» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева, Хромтау тау-кен техникалық қолледжінің студенттері мен қала мектептерінің оқушылары қатысты. Шарада аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов алғы сөз сөйлеп, шараға қатысушы жасөспірімдерге Тахауи Ахтанов туралы тарихи мәліметтер мен тың деректерді жеткізді. Сондай-ақ, шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, № 3 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Кулумкарина Рахия Жарасханқызының ұйымдастыруымен аталмыш мектептің 10 сынып оқушылары Тахауи Ахтановтың «Әке мен бала» драмасынан көрініс көрсетті. Хромтау тау-кен техникалық колледжінің қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлсезім Ситебай жазушының «Күй аңызы» әңгімесін баяндап берді. Сонымен қатар, аудандық кітапхананың кітапханашысы Дана Мангалова «Заманның заңғар тұлғасы» атты виртуалды кітап көрмесін көрермендерге ұсынса, балалар музыка мектебінің домбыра үйірмесінің оқушысы Рамазан Әділет «Әлқисса» күйін орындап, аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Фариза Елекбаева ән тарту етті. Шара соңында…

0 комментариев