\»Ұлы даланың жеті қыры\» дөңгелек үстел

  ҚР Тұңғыш Президент күні
қарсаңында аудандық тарихи–өлкетану
мұражайы мен аудандық
кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 21
қарашасында жарық көрген «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласын насихаттау
мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. 
Шара мұражай директоры Нұргүл
Амангалиеваның «Кеңістік — барлық нәрсенің, ал уақыт — бүкіл оқиғаның өлшемі»
тақырыбында жасақтаған көрмесімен басталды. 
Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жайнагүл Ракишева,
«Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Жұмағалиева, мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінен Әсима Сүйіналина, қалалық мектептердің тарих, география пәндерінің
мұғалімдері, аудандық архив меңгерушісі Әсия Бектұрғанова, музыка мектебінің
оқытушысы Талғат Мұхамеджанов және аудандық кітапхана мен мұражай қызметкерлері
қатысты. 
Аудандық архив меңгерушісі Әсия
Даулеткерейқызы қазіргі таңда Хромтау аудындық архивінде 98 қор сақталып
келеді, жалпы 41578 бірлік, оның ішінде тұрақты 17249, жеке құрам бойынша 24329
бірлік сақталғандығы, жалпы Хромтау аудандық архивінде 1929, 1937 жылдардан
бастап тарихи құжаттардың сақталып отырғандығы жөнінде айтып өтсе, «Қазақ тілі»
қоғамының төрайымы Мариям Төреғалиқызы мақаланың дер кезінде шыққаны және оған
ауданның жұмыла жұмыс жасау керектігі туралы өз ойын ортаға салды. 
Кітапхана директоры Нұртай Жетесов: «Елбасының мақаласы қазақ тарихындағы
ақтаңдақтардың орнын толтыруға бетбұрыс жасайтын қозғалыстың басы. Біздің әлемде
ойып тұрып орын алатын тарихымыз бар. Біз оны дұрыс дәріптей және келешек
ұрпаққа дұрыс жеткізе білуіміз керек», — деді. 
Музыка мектебінің оқытушысы Талғат Бурханұлы өз шәкірттеріне әрбір күйді,
музыканы, оның шығу тарихына тоқталып, сезіндіріп, үйрететіндігі туралы айтты.
Ұлттық музыка арқылы да сананы жаңғыртып тәрбиелеуге болады, ол үшін қазақтың
қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық
аспаптарымен, Ұлы Даланың фольклоры мен әуендерін үйрету қажет деді. 
Дөң орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Темірхан Календиров Елбасы қазақ елі
үшін ауқымды міндеттер жүктеп отыр. Тарихи тамыры көне дәуірлерге кететін қазақ
жұрты өзінің өркениетке қосқан үлесін мектеп қабырғасынан бастап меңгеруі
қажет. Сонымен қатар Ұлы даланың тарихын зерттеуге үлес қосу баршамызға ортақ
міндет деді, Дөң орта мектебінің ішінен шағын мұражай ашылып жатқандығын
мәлімдеді. 
Қорытындылай келе дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасы мақаласы аясында бірлесіп
жұмыс жасайтындығы туралы айтты
   

"Ұлы даланың жеті қыры" дөңгелек үстел "Ұлы даланың жеті қыры" дөңгелек үстел "Ұлы даланың жеті қыры" дөңгелек үстел "Ұлы даланың жеті қыры" дөңгелек үстел 

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 473Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий