«Домбыра үні»

 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Домбыра күніне орай аудандық кітапхана, мәдениет үйі және тарихиөлкетану музейінің  ұйымдастыруымен алғаш рет «Домбыра үні» атты мерекелік шара өткізілді. Қазақ халқының музыкалық мұрасыдомбыра түрлері мен домбыра өнерінің пайда болуы, аспаптың шығу тегі жөнінде ақпарат бере отырып, жас ұрпақтың  домбыраны үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген шара барысында аудандық тарихиөлкетану музейінің директоры Нұргүл Аманғалиева домбыраның шығу тегі, пайда болуы жайында баяндама оқыдыШара барысында мәдениет үйінің домбырашысы Ғани Бейсенов Жәнібек Кәрменовтың «Жігіттерге өсиет» атты термесін, ауданымыздан түлеп ұшқан домбырашы Жанболат Аманғалиев Құрманғазының «Серпер», «Алатау» күйлерін көрермендерге тарту етті. Домбыра үйірмесінің шәкірті Батыр Қайназар Дәулеткерейдің «Ерке сылқым», Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін орындады. Терме үйірмесінің жетекшісі Естай Утеулиев Тұрмағамбет пен Наурызбектің термелерін, ал терме үйірмесінің шәкірті Сымбат Нұржанқызы «Ағайша» әнін орындап қалың көпшіліктің ықыласына бөлендіКітапханашы Мөлдір Жанаева «Қазағымның қазынасыдомбыра» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарға қазақ музыка өнерімен таныстыратын кітаптарды оқуды ұсынды«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген мерекелік шарада көрермендер домбыра жөнінде біраз мәлімет алдыМереке соңында «Қазақ тілі» қоғамының төрайым Жұмағалиева Мәриям Төреғалиқызы домбыраға арнап мерекелік күн белгілеген Елбасының Жарлығын ерекше бағаладыҚазақ халқының осындай тәрбиелік
мәні бар мерекелеріміздің көп болуына тілектес екенін білдірді.
   

«Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні» «Домбыра үні»

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий