«Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» атты ашық есік күндері жалғасуда

 Мақсаты:Қазақ
 халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,
туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат
беру. Елбасының
өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа,
патриоттық сезімге тәрбиелеу; Оқушылардың жүрегінде Елбасына
деген сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.Бүгінгі ашық есік  күніне
№ 3 мектептің 6 сынып оқушылары мен мектеп
кітапханашысы Талтанова А.А. және № 4 мектептің 1«б» сынып оқушылары
мұғалімімен, балалардың ата-аналарының қатысуымен өтті.   Оқушылар  
 Қазақ елі үшін аянбай қызмет етіп, Тәуелсіздігіміздің баянды болу
жолында, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге өзінің білімі мен жігерін аямаған
тұңғыш Ел Президенті Н.Назарбаев   туралы өлең жырларын айтып берді. Осы
орайда ұйымдастырылған «
Ерен Елбасы-кемел көшбасшы» атты кітап көрмесіне әр жылдары
Президент қаламының ұшынан шыққан шығармалары, атап айтсақ, «Тәуелсіздік
белестері», «Қазақстан жолы», «Тарих толқынында», Н.Назарбаевтың әр жылдардағы
қызмет хроникалары т.б. Елбасының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар
қойылды . Кітап көрмесіне шолу жасаған балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашы
Тамара Сагирқызы бұл көрменің міндеті оқушыларды Президенттің Тәуелсіз
мемлекет құру жолында ерен еңбектерімен таныстыру екенін айта кетіп, кешке
қатысқан оқушыларға алғыс білдірді.

«Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» атты ашық есік күндері жалғасуда «Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» атты ашық есік күндері жалғасуда «Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» атты ашық есік күндері жалғасуда

 

 

   

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 594Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий