Ерліктің даңқы мәңгілік!

 

Ерліктің даңқы мәңгілік!     Ерліктің даңқы мәңгілік!

  Хромтау аудандық кітапханасы және аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына арналған «Ерліктің даңқы мәңгілік» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Шараға соғыс  ардагерлері, еңбек ардагері Қазақстанның еңбек сіңірген журналисті А.Ф.Козачок, Дөң тау-кен байыту комбинатыныңардагерлер кеңесінің төрағасы А.М.Ладамин, аудан әкімінің орынбасарыН.Д.Аспенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Б.Ракишева, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева, қала тұрғындары, мекеме басшылары, мектеп оқушылары, Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Шараға қатысушылар  батыр қызымыз Әлия Молдағұлова жайлы құндымәліметтер тыңдап,  өмірімен, ерлігіменжақынырақ танысты. «Ерліктің даңқы мәңгілік» тақырыбында кітап көрмесі безендірілді. Мәдениет үйінің қызметкері  Г. Қожағұлова «Әлия» әнін нақышына келтіре  орындады. Аудандық халық театры өнерпаздары  Әлияның майдандағы  сәтін сахналады. Көрермендер ерлігі ерге бергісіз қыздың өмірінен сыр шертер деректермен танысты.

   Жүргізушілер екі тілде, майдан шебінде жауларға қарсы күрескен батыр қыз  Әлия  Молдағұлованың өмірі, балалық шағы, соғысқа аттанғаны, соғыста жүріп туғандарына жазған хаттары, батыр қызымыздың ерлікпен, қаһармандықпен қаза тапқандығы жайлы мәліметтер берді.  Сондай-ақ,  Әлия  Молдағұлованың   халқының болашағы үшін жанын пида еткен өшпес ерлігін бүгінгі жас ұрпақ жадында ұстап, білулері қажеттігіне тоқталды.

 

 Ерліктің даңқы мәңгілік! Ерліктің даңқы мәңгілік!  Ерліктің даңқы мәңгілік!

 



 

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий