🔹30 қаңтар күні аудандық кітапханада Хромтау ауданының -90 жылдығына орай №5 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Кенді өлке Хромтау: 90 жылдық белестері» атты танымдық шара ұйымдастырылды.
🔹Мақсаты: халқымыздың өткені, елдің шежіресі, жердің тарихы, осы ретпен келгенде Хромтаудың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан келбеті жайында кеңінен мағлұмат беру.
Аталмыш шарада кітапхана қызметкері Бертакова Ә.А. қысқаша ауданымыздың тарихына тоқталып, сол кезеңдерде өмір кешкен,өзіндік іздерін қалдырған бір қатар аға буын өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері туралы бейнероликтер көрсетті.
📖«Қазынаға толы Хромтау» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Оқушылар сканвордтар шешіп, сұрақтарға жауап берді.
Толығырақ https://www.instagram.com/reel/DFcyoioM64v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==