«Kitap Time-2022» кітап фестивалі

Хромтау аудандық кітапханасында «Kitap Time-2022» кітап фестивалі аясында кітапхананың алаңында буккроссинг ұйымдастырылды. Буккроссингтің мақсаты: оқырмандар арасында әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу. Шара барысында буккроссинг оқырман мен кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі екенін оқырмандарға түсіндіре отырып, үйімізде шаң -тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау» керек екені айтылды. Сонымен қатар, ұлттық шығармаларды ұлықтаған қазақ әдебиетінің тарландары Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына, Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушылардың кітап қорындағы әр жылдары жарық көрген шығармалары мен энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, олар туралы әдебиеттер ұсынылған. Мақсаты- жазушылардың өмірі және шығармашылық қызметімен таныстыру, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалардың шығармаларын оқуға оқырмандардың назарын аудару.

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021