Кітапханаға саяхат

31 қаңтар күні Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің студенттері аудандық орталық кітапханаға саяхат жасады.

🔹Аудандық кітапханашылар алдымен студенттерге кітапхананың жұмысымен, кейін кітапханадағы кітаптардың оқылу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, студенттерге оқу залындағы республикалық «Бір ел- бір кітап» және облыстық «Оқитын өлке» акциялары аясында ұйымдастырылып отырған кітап көрмесі туралы қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Баян Абиева акцияның мақсатын түсіндіріп, мәлімет берді. Сонымен қатар, биылғы республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев шығармашылығын қызығып оқуға, қоғамдық шараларға белсене қатысуға шақырды.

🔸Студенттерге жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын танып білу мақсатында “Қаламы жүйрік жерлестер” атты бейнеролик корсетілді. Жергілікті ақын Қызмет Нұралиннің 85 жылдығына орай «Өңірін өлеңмен өрнектеген» атты поэзия сағаты,кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығына кітапханашы Бейбіткүн Каметияқызы шолу жасады. Сонымен қатар,аудандық және ауылдық кітапханашылардың бірлесе ат салысуымен әзірленген “Өлеңмен өрілген өмір “поэтикалық марафонға қатысқан оқырмандардың өлең оқу бейне жазбасы көрсетілді.

🔸Бойына ақын, жазушылардың шығармашылығынан рухани азық алған студенттер, қолдарына бір-бір кітап алып қайтты.

https://www.instagram.com/reel/C21UdYyNe4a/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 565Регистрация: 20-10-2021