«Кітап деген ғажайып әлем»

 Жылдағы дәстүр бойынша аудандық кітапхананың балалар
әдебиеті бөлімінде аталып өтетін балалар кітап апталығы биылда жалғасын тапты. Осыған орай әр күн сайын 28 наурыздан 2-ші сәуірге дейін бірнеше іс-шара
ұйымдастырылуда. 
28 наурыз күні «Кітап деген ғажайып әлем» атты кітап апталығының ашылу салтанаты болды. Кешімізге №3,4,5 мектептің 1-5 сынып
оқушылары мен мұғалімдері, балалардың ата -аналары қатысты. Балалар мерекелік
бағдарламада ойын ойнап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Оқу залында
«Кітап- сарқылмас рухани әлем»» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда
балаларға арналған қызықты ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар,
мақал-мәтелдер кітаптары қойылды. Оқу залы дәйек сөздермен толықтырылып,
шарлармен безендірілді. Балалар көрмемен танысып, ондағы қойылған кітаптар
туралы өз ойларын білдірді.
   
«Кітап деген ғажайып әлем» «Кітап деген ғажайып әлем» «Кітап деген ғажайып әлем»

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 473Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий