Кітапхана-балабақша

 29 -тамыз күні  аудандық орталық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі қаламыздың №7 «Еркетай» балабақшасында «Самұрық» тобының бүлдіршіндері мен тәрбиешісі Мурзагулова Камшат және балабақша әдіскері Джанадилова Инабаттың қатысуымен «Жазғы оқу» бағдарламасы аясында «Кітапхана-балабақша» атты кітап әлеміне саяхат өткізілді. Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.«Балаларға базарлық» атты тақырыптан құралған көрмеге көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең -тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды. Кітап әлемінің шынайы кітапшасымен, сыртқы түрлері бойынша ғана емес, көлемі бойынша айырмашылықтары бар – бүктемелі кітапшалар, дыбысты сөйлейтін кітапшалар, әуенді кітапшалар, керме-ашылмалы панорама кітапшалар, ойыншық кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және тағы басқаларымен таныстырылып, балаларға өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді. Бүлдіршіндермен бірге сұрақ – жауап арқылы қандай ертегілерді білетіндері тексерілді. Қызықты бағдарламаның арқасында мектеп алды балалары жақсы көңіл-күй мен оң сезімдерге ие болды.     
Кітапхана-балабақша Кітапхана-балабақша Кітапхана-балабақша

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 473Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий