Кітапханаға саяхат

     Аудандық кітапхананың балалар бөлімінде № 5 мектеп-гимназиясының 2«а» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Исмагамбетова Жұлдыз Уйтолиевнаның қатысумен «Кітапханаға саяхат» атты кітапханамен таныстыру сабағы қызықты болып өтті. Мақсатымыз: оқушыларды кітапханамен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын оята білу. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Тамара Сагирқызы оқушыларды кітапхананың ішкі бөлімдеріне аралатып, кітапхана ережесімен таныстырды. Кітапхананың оқу залында балалардың көктемгі демалысына арнайы жасалған «Кітап – ғажап әлем» атты кітап көрмесіне шолу жүргізді. Көрмеге баланың қызығушылығын тудыратын шығармалар, кіші жастағы балаларға арналған ойыншықтар, көз тартатын панорама кітаптар, ашылмалы кітапшалар, сөйлейтін қалам, сөздіктер оқушылардың кітапқа деген құштарлығын оята білетін әдеби кітаптар қойылды. Балалар бұл кітаптарды көргенде таңқалып, кітаптарды қызығумен қарап оқыды. Өздеріне бұл жерден қызықтыратын біраз мәліметтер алатындарына көз жеткізді. Мұнда кітап оқуға оқуға ыңғайлы,қалаған кітаптарының бәрін де табуға болады, — деп жатты балалар. Адамға рухани байлық беретін кітап екенін оқушылар түсінді.

  Ученики 2 «А» класса школы-гимназии №5 вместе с классным руководителем Исмагамбетовой Жулдыз Уйтолиевной посетили Хромтаускую районную библиотеку. Юных читателей радушно приняли работники библиотеки, которые организовали путешествие в мир книг, журналов, энциклопедий. Ребята не могли оторвать любопытных глаз от книжных полок, им хотелось полистать красочные книги, окунуться в сказочный мир фантастики. Библиотекарь детского отдела Жиембаева Тамара Сагировна ознакомила учеников с правилами библиотеки, в увлекательной форме познакомила детей с базовыми понятиями по основам библиотечно-библиографической грамотности – «библиотека», «читальный зал», «абонемент», «книжный фонд», «читательский формуляр», чем вызвала у школьников интерес к книге. Был проведён мастер – класс по правилам пользования библиотекой и ориентированию в библиотечном пространстве. Учащиеся в игровой форме познакомились с правилами поведения в библиотеке. В читальном зале оформлена книжная выставка «Кітап-ғажап әлемі» и проведен обзор книжной выставки. После, ребят ждала литературная викторина. Было проведено несколько игр, в которых дети с удовольствием принимали участие.

Кітапханаға саяхат Кітапханаға саяхат Кітапханаға саяхат Кітапханаға саяхат

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий