ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ

 13 шілде күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық кітапхана
ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған 15
сәуір-15 маусым аралығында жарияланған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты
онлайн байқаудың қорытынды кеші өтті. Шараға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының
төрайымы Мәриям Жұмағалиева, ҚР білім озаты Күлпаш Есетова, «Нұр Отан» партиясы
аудандық филиалының кеңесшісі Амангүл Кабибуллина және Хромтау ауданы ауылдық
округтерінің кітапханашылары мен өнерпаздар қатысты. Шара барысында қазақтың
ұлы ақыны Абай өмірінен көрініс қойылып, аудандық мәдениет үйінің әншісі
Жасұлан Хусаинов Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әнін, өнерпаз Айтқали Жайымов
«Шаттық» күйін көрермендерге ұсынды. Үш бағыт бойынша өткен сайыстың жүлдегерлерін
аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов
және сайысқа қазылық еткен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям
Жұмағалиева, ҚР білім озаты Күлпаш Есетова марапаттады. Сайыстың қорытындысы бойынша «Абайға арнау»
номинациясы бойынша І орынды Табантал ауылдық округінің ақыны Алтынбек
Ермаханов, ІІ орынды Сарысай ауылынан Айгүл Бұхарбаева мен Тасөткел ауылдық
округінен Маржан Әлмұқан иеленсе, ІІІ орынға тассайлық ақын Жақсығали Өтебалин
ие болды. Эссе байқауында сарысайлық Даража Мұқашева оза
шықса, ІІ орынды Никельтау ауылдық округінен келген Көркемай Алдаберген, ІІІ
орынды Бөгетсай ауылдық округінің атынан қатысқан Айжан Елеусізова қанағат
тұтты. Бейне жолдау бағытында бөгетсайлық Асылзат Қалбанова
жеңіске жетсе, ІІ орынды Тасөткел ауылдық округінен келген Азамат Нағымет, ІІІ
орынды Инабат Әріп жеңіп алды. Байқау жүлдегерлері мен қатысушылар арнайы
дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, шараға белсене
қатысқан ауылдық округ кітапханашылары марапатталып, Тасөткел ауылдық округінің
кітапханашысы Сандуғаш Талапбаева «Үздік —Абайтанушы» номинациясын иеленіп,
арнайы сыйлыққа ие болды. 
   
ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий

Байқауға шақырамыз!!!

2018 жылдың

5 сәуір – 15
маусым аралығында

А.Құнанбаевтың
шығармашылығына арналған

«Өлең сөздің
патшасы, сөз сарасы»

                                                                      Онлайн-Байқауы

БАЙҚАУДЫҢ
ШАРТТАРЫ:

— Эссе: «Абайша сүйіп – Абайша күйіп жүрміз бе?»

           «Абай дара- Абай дана қазақта»

           «Абай тағылымы тәрбие үрдісінде»

           «Абай поэзиясынан менің түйгенім»

              (таңдаған тақырыптар бойынша)        

— Ақынның
өлеңін мәнерлеп оқу (бейне жолдау)

— Абайға
арнау 

Өтініштер
2018 жылғы 5 сәуірден — 15 маусымға дейін қабылданады. Мекен-жайы: Хромтау
қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі – 7, Хромтау аудандық кітапханасы. Өтініштеріңізді
biblhrom2009@mail.ru электрондық поштасына жіберуіңізге болады.

Қорытындылау
– 2018 жылдың 15-20 маусым  аралығында.

КЕЗ
КЕЛГЕН АДАМ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ!!!

Абай Құнанбаевтың шығармашылығын ашатын үздік жұмыстар, ең
белсенді әуесқой оқырмандар бағалы сыйлықтармен және жүлделермен марапатталады.

hrb.kz БІЗДІҢ
САЙТҚА ТІРКЕЛІҢІЗДЕР,

ҚАТЫСЫҢЫЗДАР,
ҰТЫҢЫЗДАР!!!

 

Байланысатын тұлға: Мангалова Дана Мараловна

Байланыс телефоны: 8-(71336) 24-1-41

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий